Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай
барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше
тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру
ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің мектебімізде әр түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Сіздің жолаушыңыз - бала» атты стенд шығару Ахметова Ш.А жүктелді. Ол ақпаратпен барлық бала құлақтандырылды. «Сақта жүру тәртібін, жолы болсын әркімнің» атты тәрбие сағатында адам өмірін сақтауға байланысты көріністер көрсетілді. Балалар бұл сабақта өмір қауіпсіздігіне байланысты көптеген сабақ алды. Барлық сыныптарда«Артық болмас білгенің» атты сынып сағаттары өткізілді. Жазғы каникул кезінде баласын бақытсыз жағдайға душар болмас үшін қауіпсіздік ережесімен танысып , өз жауапкершілігіне алатыны жөнінде қағазға ата – аналар қол қойды.