Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің есімі: |
Смагулова Аягөз |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Біздің кафеде. Тасымал . |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану сабағы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Дәрумендер туралы жаңа мәліметтер тыңдау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзыреттілік |
Орамжапырақ – капуста - cabbage Қияр – огурцы - cucumber |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Үш тілде амандасу.
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. |
Ширату
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Пазл құрастыру. І–топ : Орамжапырақ . ІІ–топ : Қияр . ІІІ – топ : Өзен . Жарайсыңдар ! 1-жаттығу.Сурет бойынша ертегі құрандар . Құраған ертегілеріңе ат қойындар . Орамжапырақ , ертегі сөздерін тасымалдап жазу . 2-жаттығу.Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз . Орамжапырақта дәрумен көп . Ондағы В дәрумені көздің көруін жақсартады . Дәрумендер сөзін тасымалдап жазу . Дәрумендер туралы жаңа мәліметтер тыңдау . Керемет ! 3-жаттығу . Есіңде сақта : 1 . Сөздер буынға бөлініп тасымалданады . Дұрыс Дұрыс емес ке – кілік , кекі – лік кек – іл - ік 2 . Тасымалдағанда бір әріпті сол жолға қалдыруға немесе келесі жолға көшіруге болмайды . Дұрыс Дұрыс емес оқу – лық о – қулық , оқулы – қ 3 . Бір буынды және екі буынды сөздер тасымалданбайды : ай , бұлт , күн , сен , а – та , ә - же . 4-жаттығу . Тасымалдауға болмайтын сөздерді көшіріп жаз Бота , қой , жаңбыр , бұғы , көз , қол , ет , парта , домбыра . |
Смайликтер арқылы бағалау
Таныстырылым, оқулықпен , тақтамен , дәптермен жұмыс
Бағдаршамдар арқылы бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті
|
Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/ |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы
Қызықты тапсырма
|
Жасырын тұрған тағам атауларын тап .
Тапқан сөздеріңнің қалай тасымалданатынын айт . Тамаша ! « Буындар сыйлығы » тақырыбындағы пікірталасқа дайындалады және қосымша жауап береді . Үздік оқушылар сыйлық алады . Сыйлық саны әртүрлі . Мысалы : Айгүл 2 сыйлық , Нұрсәуле 3 сыйлық алды . Сыйлықтың қалай бөлінгенін тауып айтады . |
Шапалақ арқылы бағалау
Оқулықпен , тақтамен , дәптермен жұмыс
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Кері байланыс
|
Қиярдың суретін бояу |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Дүниетану сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексиялық талдау .
Бірінші сыныпта. Біздің кафеде. Тасымал тақырыбы бойынша сабақ өткіздім .
Сабағымда ынтымақтастық пен атмосферасын қалыптастыру мақсатында жалпы сынып үш тілде амандасып ширатудан бастап өткіздім . Бұл ширатуда оқушылар қормен айтып бір – біріне сәтілік тіледі . Осыны айтқанда оқушылардың көңіл – күйінің көтерілгенін байқадым . Сабақта оқушыларға бір – бірімізбен серіктес бола отырып сабақтың мақсатына бірге жететінімізді ескерттім . Оқушылар жаңа сабақтың мақсатын ашу үшін пазл құрады . Пазлдан орамжапырақ , қияр , өзен суретерін шығарып сөйлем құрады . Сөйлемдерді бір – бірімен байланыстыра отырып ертегі құрастырды және ертегіге ат қойды . Бұл ертегінің не туралы екендігін айта отырып орамжапырақ , ертегі сөздерін тасымалдап жазды және ертегідегі орамжапырақ , қияр сөздерін үш тілде айтып үйренді . Оқушыларға қосымша сұрақтар қоя отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын аштық . Сабақ мақсаты анықталғаннан кейін сыныптағы келесі кезеңге өттік . Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазу арқылы орамжапырақта дәрумендер көп екендігін және ондағы В дәрумені көздің көруін жақсартатындығына көз жеткізе отырып дәрумендер туралы жаңа мәліметтер тыңдады және тамашалады . Осымен қоса дәрумендер сөзін тасымалдап жазды және сөздердің буынға бөліп тасымалданатыңдығын , тасымалдағанда бір әріпті сол жолға қалдыруға немесе келесі жолға көшіруге болмайтыңдығын , бір буынды және екі буынды сөздер тасымалданбайтыңдығы туралы да білді . Тасымалдауға болмайтын сөздерді көшіріп жазуға уақыт бердім . Тапсырманың орындалу барысында оқушыларға жеткілікті уақыт қажет екенін байқадым , алдын ала араласпай , бірақ мүмкіндігінше қолдау көрсеттім . Жасырын тұрған тағам атауларын табу және тасымалдау , буындар сыйлығы кезінде мен оқушылардың арасындағы әңгімені байқадым . Себебі оқушылар бір – біріне сұрақ қоя отырып , айтқандарын дәлелдеуге тырысты . Қабілеті төмен оқушылар да сұрақтарға жауап іздеді . Әр оқушы өз есімдері бойынша қанша сыйлық алатындығын толық дәлелдеп ашып берді . Олардың белсенді жұмыстанғандығы маған ұнады . Сабақ соңында қияр суретін жасыл , сары , қызыл түстермен бояу арқылы кері байланыс жасады . Жалпы сабақ сәтті өтті мақсатыма жеттім деп есептеймін . Келесі сабақта оқушылардың жас ерекшіліктерін ескеріп тасымалданатын , тасымалданбайтын сөздер бойынша қосымша тапсырмалар беремін деп шештім