«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын өткізу бойынша ақпараты
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын өткізу бойынша жоспар құрылып, бекітілді.
1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Балалар-әлемнің базары» тақырыбында концерт өткізілді. Концертте оқушылар өздері дайындаған музыкалық номерлерін көрсетіп, аз қамтылған отбасы балаларына демеушілерден балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.
2 маусым күні мектеп психологы Әлжанова Ш.Ш. «Бала саудасына жол жоқ» атты парақшалар таратып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
3 маусым күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Смагулова Б.Г. «Бала еңбегі», «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?» тақырыптарында эссе жазу байқауын ұйымдастырды. Байқауға 10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Бала еңбегі» туралы өз ойларын ашық жарқын жаза білді.
4 маусым күні «Шұғыла» мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде «Бала еңбегін қанау дегенді қалай түсінесіңдер» тақырыбында балалар арасында дебаттық турнирі өткізілді. Дебаттық турнирді Жакупова Л.Қ. және Құлмағамбетова П.О. ұйымдастырды. Балаларға: Бала еңбегі дегеніміз не? Балаға қанша жастан жұымс істеуге болады? Балаларға еңбек етуге болады ма? Деген сияқты сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларын еркін айтып, бала еңбегін қанау дегенге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
5 маусым күні «Бар әлем күлімдейді, сәбидің жанарында» тақырыбында мектеп кітапханашысы Қуанышова Д.О.. видеороликтер көрсетілімін ұсынды. Көрсетілім мақсаты бала құқығын қорғау, оларға шаттық көңіл-күй сыйлау болды. Оқушыларға осы тақырып бойынша сурет салғызды және постер қорғатты.
6 маусым күні жоспарға сай «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» тақырыбында мектеп алды лагерь оқушылары флешмоб өткізді. Шараның басты мақсаты бақытты балалық шақтың көңілді сәттерін жарнамалау болды.
7 маусым күні «Көңілді балалық шақ» атты тақырып бойынша Жакупова Л.К. әр түрлі ойындар ойнатты.
8 маусым күні ата-аналарға бала құқығы мен бостандығы, жаз кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
9 маусым күні толық емес, сәтсіз отбасы есебінде тұрған оқушылардың отбасы жағдайларына тексеру актілері жасалынып, жазғы уақыттардағы күн режимі мен COVID-19:ауруының таралуынан сақтану жолдары бойынша, оның алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
10 маусым күні «Біз бала еңбегіне қарсымыз» атты тақырыппен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
11 маусым күні «Алақай,жаз!» ұранымен таза ауада сурет салу сайысы өткізілді.
12 маусым күні ата-ана қауымы қатыстырылған "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!, "Көше" кең ауқымды рейдтік шара өткізілді. Сағат 22.00 көшеге жүруге болмайтыны туралы айтылып, ата-аналарға, оқушыларға ескерту жасалды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Смагулова Б.Г.