«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы мектеп - 20221

22.06.2021

Астрахан ауданының Жамбыл ауылындағы ЖОББМ "Жазғы мектепті" өткізу туралы ақпарат. 
Оқушылардың білім олқылықтарын толтыру мақсатында мектепте "Жазғы мектеп" ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері оқу жылының соңына дейін 64 оқушылардың білімінде олқылықтар бар-жоғын анықтау үшін кіру тестілеуін алды. Осылайша 1-8 сынып аралығындағы 20 оқушының тізімі жасалды. 1 сыныпта - 3 оқушы, 2 сыныпта - 2 оқушы, 3 сыныпта - 2 оқушы, 4 сыныпта - 4 оқушы, 5 сыныпта - 2 оқушы, 6 сыныпта - 2 оқушы, 7 сыныпта - 3 оқушы, 8 сыныпта - 2 оқушы. Осы тізімі бойынша ата-аналардың жиналысы өткізілді. Барлық ата-ана өтініштерін жазып берді. Мектеп меңгерушісі сабақ кестесін жасады. Кесте бойынша "Жазғы мектеп" өз жұмысын 5-8 сыныптар үшін сағат 9.00-ден және 1-4 сыныптар үшін 10.40-та бастайды. Кестеге осы пәндер кіргізілді: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарих, дүние тарих, химия, физика, география және биология. Күніне әр сыныпта үш сабақ өтеді. Мұғалімдер сабақтарды жоспарлауды әзірледі, мектеп директорымен бекітілді. Бірінші күні барлық оқушылар жүз пайыз мектепке келді. Сабақтар дәстүрлі емес жағдайда өтті. Бұл логикалық тапсырмалар, викториналар, ойындар және т. б. Ата-аналардың ватсап чаттарда мұғалімдерге жақсы пікірлері жазылды. Алғыс айтылды.

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст