«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жол қауіпсіздігі ережелері» өткізілген сынып сағаттарының анықтамасы

28.09.2021

 

Бекітемін

Мектеп директоры

..............................

Дюсекеваа М.О

 

 

 

 

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебі.

«Жол қауіпсіздігі ережелері» атты қыркүйек айында өткізілетін сынып сағаттарының тақырыптары

2021-2022 оқу жылы.

Тақырыбы

Жауапты

1

«Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында сурет байқауы

1-4 сынып

ТІМ Смагулова Б.Г.

2

«Тиым салынатын белгілер» «Жол таңбалары» (видеоролик)

Жакупова Л.К.

1-2 сынып

3

«Жаяу жүргінші – назар аудар!»

Қабылтаева Г.А.

3 сынып

4

«Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепіліі» (интерактивті сабақ)

Құлмамбетова П.О.

4 сынып

5

«Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік»

Смагулова Ж.А.

 5 сынып

6

«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (танымдық сабақ)

Джалилова М.С.

6 сынып

7

«Жол ережесін есте сақта» (дөңгелек үстел)

Әлжанова Ш.Ш.

7 сынып

8

«Жол жүру қауіпсіздігі – өміріміздің кепілі!» (сайыс сабақ)

Құлке А.Г.

8 сынып

9

«Мектепке барар қауіпсіз жол!» ( дәріс сабақ)

Байманов Б.Ж.

9 сынып

10

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» (сынып сағаты)

Жанысбек К.Қ.

Қуанышова Д.О.

10-11 сынып

11

«Жаяу жүргіншілерге арнау» (үнпарақтарын тарату)

Тәлімгер

Смагулова Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінде

2021-2022 оқу жылында «Жол қауіпсіздігі ережелері»

 атты өткізілген іс-шаралар бойынша мәлімет

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Осыған орай Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінде әр айға бекітілген жоспар бойынша қыркүйек айындағы «Жол қауіпсіздігі ережелері» атты іс-шаралар жасақталып, өткізілді.

Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз оқушыларға жол ережесі туралы мағлұмат беру, жол қатынасы ережелерін меңгерту. Жолда жүрген сәттерде қауіпсіздікті қалыптастыру, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға; сақтыққа тәрбиелеу.

Сынып жетекшілер «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Қауіпсіз жол», «Жол жүру ережесі», «Жол ережесінің қауіпсіздігі», «Жол тәртібін жадыңда ұста!», т.б. тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.

«Жаяу адамдардың міндеттері туралы нені білесіңдер?» тақырыбында оқушылардың жол тәртібі туралы білім деңгейлерін анықтау мақсатында 9-11 сынып оқушыларынан мектеп психологы Әлжанова Ш.Ш. сауалнама алды. Оқушылардың 80 пайызы автокөлік қақтығысынан қалай сақтану керектігін білетіндігі анықталды.

«Тиым салынатын белгілер» «Жол таңбалары» тақырыбы бойынша 1 сынып оқушыларына жол ережелері туралы видеороликті Жакупова Л.К. көрсетті. Жолда жүру ережелерін көшеде қатаң сақтаңдар, жол белгілерін жаттап алыңдар деп қатаң ескертті.

«Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында сурет көрмесі 1- 4 сыныптар аралығында ұйымдастырылды.

Мектебіміздің тәлімгері  «Жаяу жүргіншілерге арнау» үнпарақтарын таратты.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» тақырыбы бойынша  10-11 сынып оқуышларына сынып сағатын Қуанышова Д.О. мектептің медбикесімен бірге  алғашқы көмек қалай жасау керектігін көрсетті. Естен тану, аяқ-қолдың сынуы,ашық жарақат тағы басқа сол сияқты жағдайларда алғашқы көмек қалай көрсету керектігі жайында оқушыларға түсіндірді.

Оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, көшеде жол тәртібін сақтай білуге үйрету, жол белгілерінің түрлерін ажырата білуге баулу мақсатында 8 сынып оқушыларымен Құлке А.Г. «Жол жүру қауіпсіздігі – өміріміздің кепілі!» атты тақырыпта сайыс сабағын  ұйымдастырса, 7 сынып оқушыларымен Әлжанова Ш.Ш. «Жол ережесін есте сақта» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Ал 9 сынып оқушыларымен Байманов Б.Ж. «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбы бойынша түсіндіру сабағын жүргізді.

         3-6 сыныптарда да «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепіліі», «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік», «Жаяу жүргінші – назар аудар!»  тақырыптары бойынша сынып сағаттары өтті.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі»мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті екенін әр сынып жетекші оқушыларға түсіндірді.

Просмотров: 1865


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст