Мектебімізде қарттар күніне орай іс-шара жоспары бекітіліп, өткізілді. 1 қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халықаралық қарттар күні деп аталады. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі.
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері - панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт.
Аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіру мақсатында Жамбыл орта мектебінде де қарттар күніне байланысты шаттық режимінде сынып сағаттары өтілсе, ал қашықтықтан ата-әжелеріне деген ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіру үшін видео құттықтаулар жолданды.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыппен мектебімізде ақпараттық стенд шығарылды. Қашықтықтан сынып жетекшілер «Қарттар біздің асыл қазынамыз» тақырыбымен сыныптың чаттарына, ауыл чаттарына видео құттықтаулар жолдады.
6 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Джалилова М.С. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар!» ауыл қарияларына арнап онлайн әдеби кеш ұйымдастырды.
«Менің сүйікті атам мен әжем» атты фотогаллерея ұйымдастырылып, желіге жарияланды.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смагулова Ж.А.. өз сабағында «Өз қолымен жасаған сыйлықтар» мастер кластар ұйымдастырып оқушылардың ата-әжелеріне тарту етіп үйлеріне беріп жіберді.
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» қайырымдылық акциясын мектеп президенті Оразалы Д.Т. және мектебіміздің тәлімгері Смагулова Ж.А. жалғыз басты қарттарға көмек ұшын беру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен ұйымдастырды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Смагулова Б.Г.