«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күз ханшайымы - 2021" атты сайыс

26.10.2021

«Күз ханшайымы»-2021» .
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойын арқылы қызығушылықтарын, тілдерін жаттықтыру . 
Сабақтың түрі: сайыс, дәстүрлі емес 

Іс-шараның барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Кіріспе сөз.
    Қайырлы күн құрметті қонақтар,оқушылар !

Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айының ортасына да уақыт келді.

Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Өнер сүйер қауым ! «Күз ханшайымы -2021» байқауына қош келіпсіздер!  Байқауға 1 сыныптан 6 сынып оқушылары қатысалы Байқауымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік 
Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

Әр бөлімге 5 балдық бағамен бағалаймыз.
1- бөлім: Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2 - бөлім: Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3- бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)

  1. Негізгі бөлім.

Әр таңды бақытпенен атырамыз, 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға келіп тұрған 
Аруларды ортамызға шақырамыз 

Аруларымыз ортаға келіп өздерің таңыстырып өтсін

4. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 
Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын? 
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген, 
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын 
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,байқаудың шешімін оқиды. 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық 
Мезгілде біраз жерге таяп қалды. 
Қош болып тұрыңыздар көріскенше 
Осыменен байқауымыз аяқталды! 
Назарларыңызға көп рахмет! 

5.Мадақтау, марапаттау.

Просмотров: 307


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст