«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы күзгі демалыста өткізілген іс-шаралардың мәліметі.

08.11.2021

 

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінің  2021-2022 оқу жылындағы күзгі демалыста өткізілген іс-шаралардың мәліметі.

       1 қараша күні – «Эрудит-Тир» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні 1сынып оқушыларымен «Математикалық сайыс» тақырыбында Жакупова Л.Қ. сайыс қткізді. Сайыста жас ерекшеліктеріне сай логикалық сүрақтар, викториналар, сөзжұмбақтар жасырылды. Оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді.

       2 қараша күні - «Күзгі мереке» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні даярлық сынып оқушыларымен «Күз көрінісі» тақырыбында Төлгенова А.Б. оқушыларға күз мезгіліне байланысты суреттер салғызып сурет көрмесін ұйымдастырды  Жоғарғы сынып оқушыларымен күз мерекесіне байланысты қолөнер шеберханасы ұйымдастырлды. Оқушылар өз қолдарымен табиғи матералдардан, жеміс-жидектерден, көкөністерден әр түрлі қолөнерлер жасады.

      3 қараша күні  -  «Кино күні» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні 5-9 сыныптар оқушыларына  «Асыранды балалар» кинофильмін Құлке А.Г. көрсетті. Балалар көрген киноларын ортада талқылап, өз ойларымен бөлісті.  10 сынып оқушыларына Жанысбек К. Қ. "Батырлар"  киносын көруге сілтеме жіберді.  Көрген киноларын қашықтықтан ватсап желісінде ортаға салып,  талқыланды

      4 қараша күні - «Хогвартс» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні 3 сынып оқушыларымен "Хогвартс"  іс-шарасы бойынша "Дәмдеуіштер" тақырыбында жас аспаздар квесті Қабылтаева Г.А. ұйымдастырды. Ал, "Ойлан, ізде, тап" тақырыбында "Ертегілер әлемі"  атты әдеби квест  ойының Қуанышова Д. О.  5-8 сынып оқушылар арасында ұйымдастырды. "Жанданған пәндер әлемі"  тақырыбында математика пәнінің  мұғалімі Төлеген Д. Б. 5-7 сынып оқушыларымен математикалық квест ойынын өткізді. Баларға бұл ойын түрлері өте ұнады. Ойын шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды .

      5 қараша күні «Маңызды дағдылар» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні 5 сынып оқушыларымен  Смагулова Ж. А. туберкулездің және жіті респираторлық аурулардың профилактикасы бойынша "Өмірге 10 мың қадам"  атты тақырыбында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырса, 4 сынып оқушыларымен Құлмағамбетова П.О. «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында денсаулыққа пайдалы спорттық жаттығулар түрлерін көрсетіп сабақ өткізді

         6 қараша күні – «PROF: сандық әлем» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні күзгі демалыс жоспарына сай 3-4 сынып оқушыларымен "Бағдарлмалау негіздері"  бойынша сабақ  өткізілсе, 5-6 сынып оқушыларымен "+және -" желілік ойындар бойынша пікір-сайыс ұйымдастырылды.  Оқушылар желілік ойындар туралы өз ойларын айта отырып,  постер қорғады.  Екі топқа бөлінген  оқушылар пікір сайысқа түсті. Ал, 8-11 сынып оқушыларымен "Қауіпсіз интернет" тақырыбында пікір сайыс өтті

      7 қараша күні - «Отбасылық хобби күні» іс-шарасы бойынша ұйымдастырылды. Осы күні қашықтықтан 1-4 сынып оқушыларының отбасыларымен "Біздің отбасылық әуестігіміз" атты акциясы ұйымдастырылса,  5-6 сынып оқушыларының отбасыларымен "Оқимыз,  ойнаймыз, жинаймыз" атты отбасылық флешмоб ұйымдастырылды.

          Күзгі демалыс кезінде үйірмелер, секциялар уақытылы өз жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға күнде спорт секциялары өткізілді. Мини футбол, волейбол, стол тинисі, асық ату, шахмат, шашки ойындары.

           Қауіпсіздік ережелері бойынша оқушылармен түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналармен қашықтықтан жиналыс өткізілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:              Смагулова Б.Г

. 

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст