Информация о проведенном мероприятии «СПИД – чума века»
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр
жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сол себебепті Жамбыл орта мектебінде сақтану, оның алдын алу мақсатында«ЖҚТБ туралы не білесіз?» деген тақырыпта «Жас Ұлан» ұйымының балалары плакаттар, суреттер салып, парақшалар таратты. «Денсаулық- байлықтан қымбат» атты флешмобты барлық бастауыштың оқушыларымен билетті. «Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық ойындарды Аубакиров А.Д өткізді. « СПИД – өмір тұзағы» атауымен конференция Ахметова Ш.А ұйымдастырды. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты сынып сағатын Құлмағанбетова П.О өткізіп атсалысты. Өтілген іс шаралардың барлығы кең ауқымды, тәрбиелік мәні зор жұмыстар атқарылды. СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана
емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының басылымында барша
жастарды салауатты өмір салтына шақырды.