Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
1 жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
І жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
2 жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Көктегі ай күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние дала тұнған.
Қазақтың намысы,ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,жаратылған дей келе біздің сыныптың қыздарың қошеметпен қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз деп Айқын мен Дарынның орындауында «Қыз бала гүл» атты әнді қабыл алыңыздар.
Дильназ: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!
Санел: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Адина: Анамды жақсы көрем, сағынамын
Айтқанынан шықпаймын бағынамын
Ол – көзімнің қарасы болса егер
Мен – оның жанарының ағынанмын
Мұғалім: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар! дей келе ұлдарыңыздың биін қабыл алыңыздар!
Флешмоб ұлдар би билейді.
2 жүргізуші:Олай болса қыздарды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Қыздардын талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Ақ мамам» орындайтын Адина, Санел, Дильназ
Мұғалім: Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі вальлс биі,
Таң қалдырып қанекей би билендер дей келе ұлдарымыз өз аналарын биге шақырады.
Би: Вальс
2 жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. дей келе қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар! Би: «Тамаша күн»
Мұғалім: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып Мархаттың орындауында күй «Тойбастар»
Мұғалім: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық сіздерге дей келе «Анашым қартаймашы» атты әнді Назар Айқын, Адина, Санель, Дарынның орындауында қабыл алыңыздар
Ойын аналарға ойын ойнату
2 жүргізуші: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз дей келе келесі тамашалайтындарыңыз көрініс «Шүмән әже»
Назар: Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Айқын: «Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім,
Бекзат:
Мұғалім: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ару қызымыз Санельдің орындауында күй «Кеңес»
Дарын: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Архат: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
2 жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім дей келе «Аяулы анашым» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар! Орындайтын Дарын, Архат, Бекзат, Дильназ
Еркемай тартады
Адинаның орындауында «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
Мұғалім: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі ««Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!