«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көктем шуағы- SUPER қыздар!"

07.03.2019

Қайырлы кеш құрметті ақ жаулықты,ардақты аналар! Армысыңдар қымбатты арулар .Сіздерді 8-наурыз халықаралық  әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы  жақсы  қасиет күннің  нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.

Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 
Сегізінші наурыз келді қыр асып. 
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы- 
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, 
Мерекеден шуақты бір із қалды. 
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, 
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы, 
Ана табады, аялайды бағады. 
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, 
Құрметтейік қасиетті – ананы-деп ««Көктем шуағы- Super қыздар!»»атты сайысымызды бастауға  рұқсат етіңіздер.

Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру (топтың аты, ұраны,эмблема)

2.Породия

3.Қол өнер(картинка көктемге байланысты)

4.Шаш өрімі

5.Мода (сәнді, қолдан, көктемге байланысты)

6.Би

7.Салат

8. 8 наурызға арналған сұрақтар (әділқазылар  қояды)

 

Жүргізуші:  Әділдікпен баға  берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Жеңімпаздарды таңдап бүгін алуға

Бес балдық жүйемен бағаланады

1 кезең

Жүргізуші: Міне, қыздар келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан  сахнаға шығып тұр

Әдеппен ізетпен танысуға – дей келе Таныстыру сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Меруерт Оразалықызы мен  Азамат Жайықұлының орындауында «Өзінді аңсап» әнің тамашалыңыздар!

 

Ғалия Абаевна мен Идрисова Нүргүлдің  орындауында «Құрбым» әні

2 кезең

Жүргізуші: Өнері өрге жүзер таңғалмаңыз

Таланты  талмай  ұшар  таңғалмаңыз

Таңғажайып әлемі  өнер аты

Пародия  өтсін лебімен таңғалмаңыз

 

3 кезең

Жүргізуші: Шалқытып  мерекеде ән салайық

Өнерпаз өнерлеріне  тамсанайық – деп қыздарымыздың қол өнерлерін тамашалайық.

Смайлов Мирас пен Ғалия Абаевнаның орындауында «»

4 кезең

Жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады

Көктеммен олар бірге шаттанады

Бәйшешектей құлпырып гүлдей жайнап

Шаш өрімі сайысына барлығы аттанады

Келесі тамашалайтын ән Смағұлова Аягөздің орындауында «Қос бәйтерегім»

5 кезең

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Өздері таңдап киген киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз  сәнімен

Қадырбаева Маржангүлдің орындауында «Жан ана» әні

 

6 кезең

 Жүргізуші: Бойыңа бар сұлулық жиналғандай

Мүсінің ақ мәрмәрден құйылғандай

Жарқ етіп шыға келген ел алдына

Бишілерді шақырайық сахнаға

7 кезең

Жүргізуші: Шырқап  салған әнімен

Мерекелік сәнімен

Топталып ойнап қыдырып

Бөлісіп ішкен дәмімен – дей отырып  аспазшыларымызды ортаға шақырайық.

Келесі тамаша тыңдайтын әндеріңіз  Аубакиров Азамат пен Сағынбеков Мейрамның орындауында  «Қыз бала» әні

 

8 кезең

Жүргізуші: Жаңарған сананы

Ұмытады мұңы кім

Ата салты бабаның

Алып келді осы күн

Келесі сайысымыз 8 наурызға байланысты сұрақтар

 

Жүргізуші: Сайыста жеңісте бар,жеңілісте бар

Қуанып шаттанып күлу де бар

Өнерін тамашалап отыр қауым

Сайыста әділқазылар тағы да бар-«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын беруге келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

 

Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа,

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін баріңіздің қадамыңа.

Ардақты аналар,сымбатты арулар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст