Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы!
Мақсаты:
1. 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, плакат, слайд.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, асыл аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күнде 9 сыныптың дайындаған «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызды сіздерге ұсынамыз.
1 Жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
2 Жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
1Жүргізуші: Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күніңмен құттықтаймыз!
2Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!
Назерке: Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Айым: Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары
Аслан: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
1Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем: Ақпейіл:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін!
2Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ән: Әке Ана.
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың - әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана, мен сені меккеге апарамын
Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке, мен сені меккеге апарамын
Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Слайд: Осыдан төрт жыл бұрын 8 Наурыз.
1Жүргізуші: Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар.
Ал қазір студияға аналарға арналған мерекелік қоржын әкеп сыйлауға рұқсат сұраймыз.
2Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті цығанка биіне береміз.
1Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Назерке: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Айым: Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанде ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтыңді асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Ақпейіл: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары. (шашу)
2Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын - баласы бар.
Аналармен ойын гүлдің жапырығындағы сұрақ-жауап
Слайд: аналарға арналған
1Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.
Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!
Ән: Әке Ана.
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың - әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана, мен сені меккеге апарамын
Ана, баланың қолдағың бақ талабын,
бұлағымсың.
Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке, мен сені меккеге апарамын
Әке, биікке самғайды баптағаның,
шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Ән: Әке Ана.
Жанашырым - ана, дара шыңым - ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың - әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана, мен сені меккеге апарамын
Ана, баланың қолдағың бақ талабын,
бұлағымсың.
Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке, мен сені меккеге апарамын
Әке, биікке самғайды баптағаның,
шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.