«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыйынар ем,ана деген тәңірге

15.03.2019

Тақырыбы: Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!

Мақсаты:

Білімділігі: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру.

Дамытушылық: Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу

Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател

Сабақтың түрі: Кездесу сабағы.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілейміз!

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.    «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.

Дина: Ана сенсің нұрға бөлер жанымды

          Ана сенсің гүлдендірер бағымды

         Қуат беріп ,шуақ беріп жаныма

         Ана сенсің түрлендірер әнімді

       Көктем келсе жайқалады бақтарда

      Құстар сайрап келеді біз жақтарға

       Сен сияқты гүлденеді айнала

     Қуанамын анашым сол шақтарға

Эльмира Шуақты күнді көп көрген

                 Жүрегі терең көк көлден

                 Перзенті үшін шырылдап

                Түн ұйқысын төрт бөлген

                Анадан артық жан бар ма

                Жүректен айтар ақ тілек

                Күлімдеп саған қашан да

               Тұратын бақыт,бақ тілеп

               Анадан артық жан бар ма

Бексултан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

 Жулдыз:Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды атқарған

Адалдықты,ар-намысты сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам

Акбота Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Индира   Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгелеген дүниеде

Жан Анам! кім бар сендей жақын маған?!

Есенғали:О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге…

Келесі кезекте 7 сынып оқушыларының Ана туралы жыр әнін қабыл алыңыздар

 «Балам – бақытым, болашағым» мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады.

1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз?

2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді?

3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз?

4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?

5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз?

6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді?

7. Балаңыздың парталасы көршісі кім?

8. Балаңыздың сүйікті асы не?

9. Сынып жетекшісінің толық аты кім?

10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз?

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашы, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қыздарымыздың

«Шаттық биін », қабыл алыңыздар.

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесің тойлаймыз – дей отырып, біздің сыныптың  жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік. Ендеше қабыл алыңыздар Есжанов Есенғали мен Кулькенов Бексултанның орындауында «Қыз бала гүл» әні

 

Қорытындылай келе, барлық оқушылар кезегімен аналарына алғыс білдіреді:

Дина: Жарық дүниеге әкелгенің үшін

Индира: Ақ сүт бергенің үшін

Акбота: Мейірімің үшін

Эльмира: Қамқор болғаның үшін

Жулдыз:Түнде бөлінген ұйқың үшін

Бексултан: Әрбір сәтіме қуанғаның үшін

Есенғали: Мені ойлап уайымдағаның үшін

Рахмет сізге ,Анашым!-барлығы бірге айтады.

 «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресене жетті. Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер!

 

 

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст