Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер , бейнефильмдер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, бейнефильмдер, презентация,мақал-мәтелдер.
Барысы: Мұғалім:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Аман болсын, аман болсын аналар!
- Ана туралы ән. «Құттықтаймын ана туған күніңмен »
І кезең – поэзия минуты.
1 оқушы: Айналайын анашым, Нарғыз
Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
2-оқушы: Жарқын жузді жан анам Жадыра
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан
3 оқушы: Әр сөзімді жаттаған, Темірлан
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
4 –оқушы: Ақ қабақты анашым, Еңлік
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
5-оқушы: Анам, анам, ақ анам Арлан
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
6 –оқушы: Мерейлі сәт мерекеге ұласып, Нұрсауле
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз - келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
7- оқушы: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Дастан
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
8- оқушы: Ана десем сезім білер тым ыстық Нұрасыл
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Әжелерге арналған өлеңдер:
10-оқушы: Өзіңсің сүйікті әже, құдіретім! Нұрсауле
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
11- оқушы: Дүниенің ең қымбаты әже екен, Нұрасыл
Әженің ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Әженің орыны бөлек дара екен
1. Мені жақсы көреді, Дастан
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
2. Әлпештеген аялаған, Арлан
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен мен құттықтаймын.
3. Менің әжем мейірбан, Темірлан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Әже туралы ән: «Әжемнің шайы»
Балалар (хормен) . Құттықтаймыз! (3 рет) (құттықтау ашықхаттарын беру)
Мұғалім:
Дүниеде ең кемеңгер дананы, Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, Құрметтейік қасиетті - ананы.
Ойын: "Анаңды даусынан таны"
Алты ана өз балаларымен ортаға шығады. Балалар аналардан теріс бұрылып, «Құттықтаймыз, ана!» деп біркелкі дауыстайды. Жетекші нұсқаған ана «Рахмет!» -деп жауап береді. Кімнің анасының дауысы екенін бала танып айту керек. Мұғалім:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы АНА кім?
АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.
АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?
- Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.
- Ендеше аналарың қандай адам?
АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т.
ІІ кезең-оқушылардың өнерлері.(өздері дайындаған номер бойынша өз өнерлерін көрсетеді)
ІІІ кезең – сән үлгісі.
№1 №2 №3 №4 №5
№6 №7 №8 №9
Мұғалім: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!