«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз-жыл басы

25.03.2019

1 жүргізуші  «Сәлем» - сөздің атасы демекші

Ассалаумағалейкум қаптаған ел,

Жүйрігінің жалындысын баптады ел.

Бүгін міне думанды мерей той болады деп,

Асқазанын сары майдай сақтаған ел.

Армысың тойға келген үлкенің де жасың да бар,

Ашық болсын жайылған дастарханың

Шежірелі сөздердің шекесінен

Сәлем бердім төрдегі, ақсақалым (басын иеді).

 

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,

Қайта оралған намысымдай наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

 

1 жүргізуші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

 

Екеуі бірге: Той құтты болсын!

Ақ мол болсын!  

 

2 жүргізуші: Жасай бер жаңа күн!

Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл , -дей отырып

құттықтау сөзін мектебіміздің қарт ұстазы Отарбай Рахметолла Манапұлына береміз.

 

1 жүргізуші: Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағатқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай салалар гүрілдеп.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдеп.
Қарсалайық баршамыз

Құдіретті төрт ананы

Ертеде халқымыз От, Су, Жер, Күнді ерекше құдірет иелері деп таныған. Күллі тіршіліктің бастауы осылар деп білген.

 

1.Күй ойнайды.  От-Ана(Галия) жеті қызбен(Балауса, Айдана, Назерке, Ақпейіл, Қарақат, Айым, Индира) қолдарына шырақ алып шығады.

 

2 жүргізуші: Армысыз, құдыретті От-Ана!

Жалындап ұшқын шашып,

Жарылқаған От-Ана!

Отың жетіп, бой жылытшы

Денемізге саулық бер,

Ел жұртымызға жылуыңды дарыта гөр

 

От-Ана:

Қыздардың орындауында «Алас» биі.

 

2. Күй ойнап тұрады. Ортаға Жер-Ана (Лаззат) екі қызбен (Ақпейіл, Назерке)  қолдарына бауырсақ алып шығады

 

1 жүргізуші: Армысыз, қасиетті Жер-Ана!

Табынып сізге тәу етемін.

Өркендеп өссін көк шыбық, мейірімді төге гөр!

Билігі әлемнің өзіңде Жер-Ана!

Көктемнің нұрына шомылған өзіңе

Молшылық бер еліңе, Кеудеңнен өнген дәніңе,

Қар жауып шөптің қайта өнгеніне.

 

Жер-Ана:

Елге бауырсақ таратады

 

3. Күй ойнап тұрады. Ортаға Су-Ана (Перизат) үш қызбен (Балауса, Айдана, Индира)  қолдарына көже алып шығады

 

2 жүргізуші: Армысыз, қасиетті Су-Ана!

Табынып тәу етем өзіңе,

Жақсылық оянып санамда

Жаңбыр жауып далама,

Нұрыңды төге гөр баршама

Су-Ана:

Елге көже таратады.

 

4. Күй ойнап тұрады. Ортаға Күн-Ана (Әсел) екі қызбен (Қарақат, Айым)  қолдарына шашу алып шығады

 

1 жүргізуші: Армысыз, құдыретті Күн-Ана!

Жылуыңа төге гөр

Әлемді жарық еткен

Қасиетіне дарыта гөр

Барша отырған халқыма

 

Күн-Ана:

Елге шашу шашады

 

2 жүргізуші: Көқтем келді мынау байтақ далама,

Нұрын шаша ауылыма, қалама.

Наурыз келді сайрауымен құстары,

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?

Қарсы алайық көктемді

Қошеметпен қолсоға.

 

Әдемі әуен  ойнап тұрады ортаға Көктем (Дариға) шығады

 

Көктем: Армысыздар қадірменді халайық!

Жайнатып гүлін даланың,

Жетелеп жұмсақ самалын

Келдім міне ортаңа,

Құс сайратып, ағайын!

Көтеріп күннің от лебін,
Көгімнен түсті көктемім.
Жылыта келді елімді,
Жібіте таудың бөктерін.

Көтеріп күннің от лебін,
Көгерте күнгей шөптерін,
Шулатып аққу, қаздарын
Көліме қонды көктемім.

Ал халайық, халайық,

Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

Күн мен Түнді шақырайық ортаға

Қуанышың сыйласың бүкіл елге!

 

Күн (Жұлдыз) мен Түн (Жанаргүл) ортаға шығады.

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

 Күн менен түн теңеледі,

 Жер шуаққа кеңеледі.

 Соны тойлар ел енді.

 

Бала:(Дарын) (жүгіріп келеді) - Сүйінші, сүйінші, Қызыр ата келе жатыр!

«Хафиз» күй ойнайды. Қыдыр (Рамазан) атамен ұлттық киім киген 2 ұл бала (Архат, Арон) сахнаға шығады.

 

Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!

Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз-бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

 

Бала:  (Дарын) Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арытып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз!

 

Балалар бірге:  Ақ батаңызды беріңіз!

 

Қызыр ата: Елдеріңнің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.

Сөздерің серттей берік болсын,

Ісің ілгері, ақылың серік болсын.

Еккендерің өнімді болсын,

Өмірлерің көңілді болсын.

Төрт түлік төлді болсын,

Баққандарың шелді болсын.

Ақ көп болсын,

Қайғы жоқ болсын,

Сапарларың оң болсын.

Мына Ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Әумин!

Бәрі біргеӘумин!

 

1 жүргізуші: Қызыр атаның ақ батасына мыңда бір алғыс!

 

2 жүргізуші: Қазақпыз – қыз өсірген інкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Қахзақпыз би билеуден де қалыспаған - дей келе «Қара жорға» би тамашалаңыздар (Айдана-Жардем, Балауса-Арнат, Ақпейіл-Қуат, Аслан-Қуат, Айым-Алиасқар, Қарақат-Алмас) .

 

2 жүргізуші:   Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық дей келе «Мирас» оркестірің қошеметпен қол соғып қарсы алайық

 

1 жүргізуші: Мирас оркестірінің орындауында күй «Балбырауын»

 

2 жүргізуші: Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып –дей келе келесі тамашалайтындарыңыз «Мирас» оркестірінің орындауында Ән: «Құстар қайтып барады»

 

1 жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз  күй «Өрлеу» қабыл алыңыздар.

 

2 жүргізуші:  Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.- дей келе келесі тамашалайтындарыңыз ән «Бүгін мереке» Смагулова Аягоз және 7 сынып оқушылары.

 

1 жүргізуші: Қабулкәкім Медеттің орындауында «Талас» күйі.

 

2 жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады – дей келе 5 сынып оқушыларының орындауында  өзбек халқының биін тамашалаңыздар

 

1 жүргізуші: Рахымжанов Бақыттың орындауында «Адай» күйі.

 

2 жүргізуші: Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды дей келе 3 сынып оқушысы Ахметбекова Адинаның сенизатормен орындауында  «Наурыз келді тамаша»

 

1 жүргізуші: Бүгін думан, бүгін той

Әнмен биден басқаша  Бізде де бар көрініс – дей келе 6 сынып оқушыларының орындауында көрініс «Қыз алып қашу»

 

2 жүргізуші:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Наурыз мейрамына арналған,

Біздің кішкентай бүлдіршіндер

Өз өнерлерін паш етеді-дей келе келесі тамашалайтындарыңыз «Балдырған» оркестірінің орындауында күй «Той бастар»

 

 

 

2 жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша! дей келе даярлық сынып оқушыларының дайындаған Корей халқының биін тамашалаңыздар.

 

1 жүргізуші: 2 сынып оқушысы Сәлимова Інжудің орындауында күй «Ерке сылқым»

 

2 жүргізуші: Қарақазан – қасиетті халқымның,

Бір өзіңде құдіретті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Құны ешқашан төмендемес нарқыңның, - дей келе 2 сынып оқушыларының орындауында тау халқының биі «Лезгинка»

 

 

1 жүргізуші: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық - дей келе «Балдырған» оркестрі ұлдарының орындауында  «Кеңес» күйін қабыл алыңыздар.

 

2 жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ бәйшешек бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды – дей келе келесі 1 сыныптың орындауында ән «Наурыз келді тамаша»

 

2 жүргізуші:   Ауыл барма ақсақалсыз, ағасыз?

Оның айтқан сөзіне әрбір нанасыз

Сөз берейік қарияға төрдегі

Тағылымынан зор ғибрат табасыз

 

1 жүргізуші:   Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар,- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Байдаулет аға, сөз өзіңізде! (Бата беріледі)

 

1 жүргізуші:   «Көппен біткен іс сәнді –

Көппен біткен ас дәмді»,- дей отырып келесі  лоторея ойынына  кезек берсек.

 

2 жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                     Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош, сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенше күн жарық болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст