Текст
«Балауса»лагерінде «Көңілді әуен» атты ән байқауы өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, әуен ырғағымен ойындар ойнады.
Лагерьде асыр салған көңілді балалар бір-бірімен достасып та үлгерген. Көңілді демалыс сәтінде балдырғандардың жанын әнге, сыңғыр күлкіге тойдырып, күн сайын қызықты сайыстар мен думанды кештер өткізу дәстүрге айналған.