Текст
Оқу жылын аяқтау мақсатында 14 сәуірде Жамбыл ауылындағы мектепте 9 және 11 сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды аттестаттау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қуанышева Д.О. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың түлектерге үндеуін оқыды.
Жанысбек К.Қ. қорытынды аттестаттау туралы оқушыларды таныстырды.
9-сыныпта үш жазбаша емтихан тапсырады: қазақ тілі (эссе), математика (бақылау жұмысы) және орыс тілі мен әдебиеті (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау).
11-сынып төрт емтихан тапсырады: қазақ тілі (эссе), математика (бақылау жұмысы) және орыс тілі мен әдебиеті (тестілеу), Қазақстан тарихы (тестілеу).