«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол аяулы мектебім

17.06.2019

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар !

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын! -деп бүгінгі Аттестат тапсыру кешін бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші: Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді деп Ұлттық бірыңғай тесті мақтанышпен, айтарлықтай тапсырып, болашаққа жолдама алайын деп отырған мектебіміздің жас түлектерін қошеметпен қарсы алайық!

Кешімізге алғашқы болып 

1. Тюлеубаев Жардем

2. Оразбаева Айдана

3. Ибраев Рамазан

4. Ахметбекова Балауса

5. Қабдұлкәкім Медет

6. Дюсекеева Ақтоты

7.Кенжебаев Арнат

8. Рахымжан Бақыт

9. Құлмағамбет Назерке

10 Ержан Алмас

11.Турдиева Ақпейіл

12. Қазанбаев Қуат

13.Жунусова Айым

14.Крыспаев Аслан

Жүргізуші:

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан Әнұраны

Гимн.
1-жүргізуші. 
Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алатын,
Қашанда ақ тілектен шыға алатын.
Басшымыз тілек айтсын түлектерге,
Пікірін әрбір шәкірт құп алатын– деп мектебіміздің директоры Дюсекеева Меруерт Оразалызына  сөз кезегін берейік.

 

Жүргізуші:

Өлкесінің айналсын ел тегінде

Сенімдерің айналсын серперіне

Ұстаз біткен тілейді ақтарылып

Сәттілік жас түлек ертеңіне, деп сөз кезегін оқу ісінің  меңгерушісі Саменова К.К және мектебіміздің қадірлі ұстаздарына береміз.

 

Жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – деп жас түлектерді қуана қарсы алып, балаларынан болашағынан үлкен үміт күтіп отырған жүрегі нәзік ата-ана-Рахимжанова Алмагүл және Мәрзия тәтеге сөз кезегін берейік

 

жүргізуші:

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.


Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір деп  видеороликті назарларыңызға ұсынамыз.

11 cыныптың видеоролигі

кезекті өзінің алғысын білдіріп, жылы лебізін айту үшін құттықтау сөзді 11 сыныптың үздік оқушысы  Ахметбекова   Балаусаға беріледі.

Келесі 9 сыныптың видеоролигі

Құттықтау сөз Құлмағамбет Назерке

жүргізуші:
Алда не бар, өмір өзі іреттер,
Жақсы істен жаңылмасын жүректер.
Ортамызға олжа салған бүгінгі
Табыстарың құтты болсын, түлектер!

( флешмоб)
 

 жүргізуші:
Жастар үшін төксін өмір арайын,
Сәтті өткізсін әрбір жылын, әр айын.
Түлектердің кеші жетті мәреге,
Осыменен қош болыңыз, ағайын!

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст