Текст
18 – маусым Бұл күні ауа райы тамаша болды. Балалар таза ауада таңғы жаттығу жұмыстарын жасаған соң, сынып ішінде тақырыпқа сай жұмыс жасады. Түрлі-түсті қағазбен балалар табиғаттың әдемі көріністерін бейнеледі. Ағаштар, өзен-көлдерді, гүлдерді, күннің көзін ашық түстермен көңілді әрі қызықты етіп орындады. Балалардың жасаған жұмыстары өздеріне ұнады және таза ауада «Он екі таяқ» деген ойынды ойнап, жадыраған күн көзінен біраз қуат алып үйлеріне тарқасты.