Текст
Бүгінгі күні «Балауса» лагерьінде «Айналам қандай тамаша» атты гүлдер жасау жұмысы орындалды. Барлық балалар жиналған соң табиғат аясында жаттығу жасап, бір – біріне жылы сөздер айтты. Өз қолдарымен әсем гүлдер жасап, гүлдер туралы өлең оқып, ән салды. Табиғаттың ең нәзік, әдемі сыйы гүлдерді күту, қамқорлық жасау біздің қолымызда екенін түсінді. Жасаған жұмыстарын бағалап болған соң, мектеп ауласында ойнап, үйлеріне жақсы көңіл күймен тарқасты.