Текст
Жоспар бойынша оқушылар гинастика жасаудан бастады. Бұл күні оқушылармен эстафеталық жарыс өткізу жоспарланды. Жарыс спорт залда өткізілді.Балаларды ширату мақсатында өткізген жұмыс көңілге толымды әсер берді. Оқушылар қызыға жарысып түрлі жаттығулар жасады, екі топқа бөлініп жарысты, түрлі әсер алды. Жарыс соңында достық жеңді. Жарыстан соң оқушылар аулада футбол ойынын ойнады.
Кейін балалар лагердің демалатын бөлмесіне келіп ермексаздан түрлі мүсіндер жасады. Бірі жануардың мүсінін жасаса, екіншісі тау – тас үй жасап мәз болды.