Текст
Шілденің бесі күні оқушылар келген соң таңертеңгі гимнастика жасап бойларын сергітті.”Мен саяхатқа барамын” тренингін өткізіп болған соң оқушылар лагерь бөлмесіне келіп жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Жоспар бойынша тақырып “Бәйтерек шығармашылық ағашын дайындау” болатын. Бұл күннің мақсаты оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дайындау. Оқушылар ермексаздан, аппликациядан түрлі жұмыстар жасап шығармашылыққа жол ашты. Өздері жасаған жұмыстарынан жақсы әсер алды, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.