Жамбыл орта мектебінің
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында
Білім күніне және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған азаматтық және патриоттық іс –шараларының мәліметі.
Білім күні мерекесі - патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара.
Білім күніне арналған дәстүрлі саптүзеу «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті.
Оқу жылының бірінші сабағы барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өтілді.
Барлық сынып жетекшілерінің сабақ жоспары тексеріліп, бекітілді. Сабақтың мақсаты оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қойылды.
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.
Жалпы мақсаты: Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеп, әлемді қайсарлығымен таң қалдырған қазақ елінің, жерінің қадір-қасиетін түсінетін, Отанын, елін, жерін сүйетін, бабалар өсиетін орындайтын жан-жақты, қазақ азаматын тәрбиелеу, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
1-4 сыныптарда Қабылтаева Г.А. «Метеп-толық өмір» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушыларға еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсіндірді. Азаматтық және патриоттық сабақ шеңберінде оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсініктерін кеңейту, өз құқықтарын, еркіндіктері мен міндеттерін білуге ықпал ету, конституциялық патриотизм сезімін дамыту қажет екенін түсіндіріп өтті.
Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және бағалауға деген ұмтылыстарын қалыптастырды. Сабақта рәміздерді, буклеттер, фотосуреттерді пайдаланды және осы сабақта өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін оятатын деректерді де қолданды.
2-3 сыныптарда Құлмағанбетова П.О., Жакупова Л.К. «Менің жазымның бір күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушылар өздерінің жазғы демалысын сипаттай отырып мақтаныш сезіммен өздерінің қыдырған жерлерін айтып өтті. Мұғалімнің дайындаған бейнесуреттерін презентация арқылы тамашалады. Осы сабақта Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне де тоқталып өтті.
5-6 сыныптарда Әлжанова Ш.Ш. «Өзіме қажет – елге қажет» атты тақырыппен алғашқы сабағын өткізді. Сабақты мемлекетіміздің әнұранымен бастады. Мұғалім оқушыларға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлау және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылды: Патриот – бұл .........
Әр оқушы өз жауаптарын беріп жатты: Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам. Ұлттық рәміздерді – Әнұраны, Туы, Елтаңбасы және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам. Оқушылар арасында өз еліне не керек екенін және де өздеріне не қажет екені туралы диспут сабағы өтті.
7-8 сынып оқушылар арасында «Лайықты болғым келеді» тақырыбында Смагулова Ж.А. азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерімен тереңдетуге бағытталған алғашқы сабағын өткізді.
Қуанышова Д.О. 9 сынып оқушыларымен «Қасиетті жерлерге саяхат – ортақ іс» атты жазғы саяхаттар туралы аймақтың тарихы туралы сынып сағатын өткізді.
Кестені толтырып болғаннан кейін оқушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылды.
Оқушыларға сабақ барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің негізгі элементтері мен композициялары еліміздің тарихы, мәдениетімен, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі принциптерімен байланысты екендігі түсіндірілді.
Оқушылар сабақта жас ерекшеліктеріне байланысты мол мәліметтермен қаруланды. Олар өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына өзі қатысты екендігін сезінді.
Бірінші сабақтан бастап сынып жетекшілер оқушыларға саналы ұрпақ – жарқын болашақ екенін түсіндіріп, өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өтті.