Жамбыл орта мектебінде жалпы республикалық бірыңғай
«Адалдық сағаты» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орай өткізілген сабақтың мәліметі
Бүгін біздің мектебімізде республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» атты оқушылар мен ұстаздар арасында сабақ өткізілді.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - күн тәртібіндегі басты мәселе екенін айта отырып мектебіміздің директоры Дюсекеева М.О. өз сөзін бастап кетті.
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Сол себепті 4 негізгі құндылықты ұстануымыз керек екен айтып өтті. Олар: 1. Адалдық. 2.Парасаттылық 3.Әділдік 4.Сенім
Жемқорлыққа қарсы сабақта оқушылар айрықша белсенділік танытып, коррупция төзуге болмайтын болмыс екенін атап өтті. Оқушылар: «Мемлекет пен лауазымды тұлғалар салық төлеушілер, яғни халық алдындағы міндетін адал орындауы керек, ал біз сабағымызды дұрыс оқып, болашақта парасыз өмір сүруіміз керек» - деді.
Оқушылардың жемқорлық жайлы азаматты ұстанымдары мен белсенділігі өте жоғары. Осы белсенділікті конструктивті арнаға бағыттау – үгіт насихат мұғалімдердің еншісінде.
Келешек бүгінгі ұрпақтың қолында, ендеше адал қызмет етуді үйрету, тәрбиелеу, көрсету біздің қолымызда.