Жамбыл орта мектебінде мұғалімдер мен оқушылар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында денсаулық акциясына ат салысты.
Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір сүруді дәріптеу, тазалық, сұлулық ұғымдарын кеңейту, дені сау, шымыр шапшаң, білімді азаматты тәрбиелеу болып табылды. Белсенді, қайырымды, ақжарқын болуға үндеу. Халықтың, оның ішінде балалардың жұқпалы , инфекциялық аурулардың алдын алу, тамақтан уланудың өршуіне және жаппай жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру.
Осы акцияға байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді.
Денсаулық апталығының акциясының ашылуына байланысты «5 минут Денсаулық» лездеме өткізілді. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі «Дені сау болу – бұл керемет!» атты тақырыбында 7-9 сыныптар аралығында шығарма жазғызса, мектеп кітапханасында осы тақырыпқа байланысты әдеби кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Денсаулықты қалай сақтауға болатын оның алдын алу бойынша көрнекі материалдар, буклеттер, жадынамалар, ұсынымдар, оқулықтар көрмеге қойылды. Мектеп ауласында «Спортпен шұғылдан – бірінші бол!» атты ұранмен таза ауада жаппай таңғы жаттығуды өтті.
Бастауыш сыныптар аралығында «Біздің отбасымызда Спорт» тақырыбы бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров А.Д. басшылығымен «Қозғалыс бұл өмір» ата-аналардың қатысуымен жарыстар, «Дені сау болу – бұл сәнді!» атты 5-9 сыныптар аралығында эстафеталық жарыс, флешмоб, мектеп оқушылар арасында марафон ұйымдастырды. Оқушылар жоспарланған эстафеталық жарысқа қатысып, өз белсенділіктерін, ептіліктерін көрсетті. Бұл шара 100 м-ге жүгіру, ұзындыққа секіру, 2 км жүгіру, биіктікке секіру түрінде өтті. Дені сау, сымбатты болу үшін спортпен шұғылданып, шынығу жаттығуларын орындау керек екендігі насихатталды. Эстафеталық жарыстан 7 сыныптар жүлделі орынға ие болды.
Мектеп директоры және медицина қызметкері оқушылардың сыртқы түрін бағалау, кабинеттердің санитарлық жағдайын тексеру мақсатында тазалық рейд жасады. Барлық сыныптарда «Егер сау болғың келсе…» атты тақырыбымен сынып сағаттар өткізілді.
«Жұлдыз ұйымының жетекшісі Смагулова Ж.А. ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарын аралап «Темекіні жеміске айырбастау» тақырыбында акциясын өткізді. Бұл шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Денсаулық акциясына мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар ұйымшылдықпен қатысып, өз денсаулықтарын күтуге, денсаулықты сақтауға, шынықтыруға даяр екендігін көрсетті. Отанымыздың көркеюі, болашағы дені сау жастар қолында. Сондықтан біздің таңдауымыз – салауатты өмір салты.