Текст
Ұйымдар тізімі
07.09.2019
Тілдер мерекесіне орай Жамбыл орта мектебінде «Тілім менің тірлігімнің айғағы» деген тақырыпта 9 сынып оқушыларымен пікірталас өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп әр ұлттың тілдері туралы өз ойларын білдірді. Пікірталас бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтсақ: тіл туралы тақпақ шығару, постер қорғау, мақал-мәтел айту. Оқушылар өте белсене, қызыға қатысты. Өз ойларын еркін жеткізе біліп, дәлелдей алған топқа мақтау қағазы берілді.