«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қарттарым – асыл қазынам»

02.10.2019

Дәстүр бойынша 1 қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халық-аралық қарттар күні деп аталады. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі. 

Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері - панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт.

 Аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп және қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында Жамбыл орта мектебінде де  мерекелік іс- шара өткізілді.

«Қарияларға қамқорлық көрсетейік» іс-шарасымен Жас Ұлан ұйымының мүшелері Смагулова Ж.А. жетекшілігімен жалғысбасты қарияларға көмек көрсету жұмыстарын атқарса, «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбымен Аубакиров А.Д. қарттарымен кездесулер ұйымдастырды.

Мектебімізде «Қарияларға бас иеміз» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шараны мектеп директоры М.О.Дюсеккева қарттарға алғысы мен тілегін айтумен ашып берді. Даярлық сыныптан бастап жоғарғы сыныптарға дейін концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын таратып берді. Қарияларымыз өз ризашылығын білдіріп рахметтерін айтып кетті.

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст