«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

01.11.2019

 

«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

атты бірыңғай сынып сағатының мәліметі.

Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.

Міндеттері: отбасы құндылықтарын қалыптастыру, улкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, сұранысты дамыту, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру және өзінің іс-әрекетіне анализ жасау, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.

Біздің мектептеде «Отбасы - тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттарына байланысыты көптеген іс-шаралар өткізілді.

         1-4 сынып оқушыларымен  Қабылтаева Г.А. «Мен отбасыммен мақтанамын» атты танымдық сабағын өткізді. Өз сабағында «Отбасы —  адам үшін ең киелі орта. Отбасы қоғамдағы белгілі салт-дәстүр мен мұралардың сақтаушысы. Отбасы баланың нағыз азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты белгісі» екені туралы айтып өтті.

2 сынып оқушыларымен Құлмағанбетова П.О. «Отбасы - кішкентай ел» атты шығармашылық сабағын өткізді. Сабақта отбасы туралы құндылықтардың қалыптасуын оның бала кезінен басталатының, ал жасөспірімдік шақта отбасының қандай болу керектігі  туралы айтылып өтті.

Ал 3 сынып оқушыларымен Жакупова Л.К. «Бақытты адам өз үйінде бақытты» атты отбасылық  фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды.

«Менің отбасымның тарихы» атты дөңгелек үстелді 5-6 сынып оқушыларымен Альжанова Ш.Ш. ұйымдастырса,  ал 7-8 сынып оқушыларымен Смагулова Ж.А. «Отбасылық құндылықтар» атты интерактивті сабақ өткізді. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындап,  отбасылары туралы бейне көрсетілімдер дайындады.

9 сынып оқушылар арасында «Отбасы ошағының жылуы» атты өнерлі отбасылық сайыс сабағын Қуанышова Д.О. өткізді.

«Отбасы бақыт - мекені» тақырыбында бүкілмектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста Отбасы құндылықтарының негізінің бұзылуы, ата-аналардың мәртебесінің төмендеуі, ұрпақтар арасындағы байланыстық алшақтауы. Отбасы – бар негіздердің негізі болып табылатыны туралы айтылды.

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:                      Смагулова Б.Г.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст