«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл орта мектебінің 1/02-12/02 ақпан аралығында өтетін «Өзін – өзін тану: Махабат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік барысы

21.02.2018

Жамбыл орта мектебінде 1 ақпаннан бастап  «Махабат пен Шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану апталығының ашылу салтанаты өтті.

Ақпанның 2 күні  «Мейірім төгетін ана» атты ақпараттық стенд құрылды. Сара Назарбаеваның атқарған еңбегі жайында, «Бөбек» қоры құрылуы жайында оқушыларға ақпарат берілді

Ақпанның 3 күні  «Құстар біздің досымыз» атты қайырымдылық акциясы жүргізілді. Аубакиров Азамат жоғары сынып оқушыларымен құстардың ұяшығын жөндеп, ал бастауыш сынып оқушыларымен ұяшықтарға жем салып

қыстың қақаған аязында оларға да қамқорлық керектігін айтып, оқушыларды әрдайым қамқоршылық жасауға шақырды.

Ақпанның 5 күні «Рахмет саған, анашым!» атты оқушылар арасында шығармалар жазылды.

Ақпанның 6 күні «Алтын жүрек анамыз» атты сыныптар арасында көркемсөз оқуы жүргізілді.

Ақпанның 7 күні «Адамгершілік – асыл қасиет» атты жоғары сыныптар арасында дебат ұйымдастырылды.

Ақпанның 8 күні «Әлем-бала көзімен»  атты бастауыш сыныптар арасында Дюсекеева Меруерт Оразалиевна сурет көрмесін ұйымдастырды.

Ақпанның 9 күні «Отбасы – өмір аясы» атты тақырыпта ашық сабақ жүргізілді.

Ақпанның 10 күні «Қызығы толы бұл әлем!»атты тақырыпта Смагулова Аягөзбен Смагулова Жанаргуль бастауыш және орта буын сыныптары арасында қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

Ақпанның 12 күні «Ән-көңілдің ажары» атты өзін-өзі тану апталығының аяқталуына орай

концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст