«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

20.02.2018

Тақырыбы: Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

Мақсаты:

8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола

білуге үйрету.

Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы

қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті аналар! 8 наурыз – Халықаралық

әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты тәрбие

сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Архат: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз -

Адамның

Анаға айтар лебізі.

Дарын: Сен

жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін,

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін  

- деп айтқандай  «Аяулы анашым әнін» қабыл алыңыздар

Даяна:

Анамның әрбір сөзі ой - талабы,

Жүректің тереңінде сақталады,

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана еңбегі ақталады.

Мархат :

Аналарды сүйеміз

Сөзін айға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Архат :

Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйер өзінің

Мақтан етер анасын.

Даяна : Бізді

өсіріп, баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

Адина: Құрметтейік,

о адамдар, аналарды,

Бізді

өмірге әкелген даналарды.

Себебі

ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен

істелік әр қадамды.

 

Мұғалім: Ана

есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі

адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана

хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін

қалдыруы сондықтан.

 

Ән: «Ақ мамам»  (хор) Әлден Гаухар Тыныштықбайқызының жетекшілігімен.

Мұғалім: Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс

халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын,

қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй,

шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

 

Санел: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күнімен,

Саида:Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған.

Адина: Ана - ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкенде ардақтаған.

Өзінің аяулысы - Отанды да,

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Архат:  Сенен өскен балалар,

Батырлар

мен даналар.

Құттықтаймыз

мейраммен,

Құрметті

жан аналар!

Мархат: Ана деген

ақылшың,

Анаң

барда батырсың.

Қасыңда

кім болса да,

Тек

анаңа жақынсың.

Саида: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз.

Ардақтайтын,

мақтанатын кезіміз.

Тәриелі

ұл - қыздарды өсірген,

Ұлы

Ұстаз - ана мына отырған өзіңіз.

Даяна: Ананың қоғам өміріндегі алатын орны

үлкен.

Ана

– перзент тәрбиелеуші,

Ана

– қызметкер,

Ана

– ғалым,

Ана

– ғарышкер,

Ана

– зейнеткер.

Сондықтан

да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың

құрметіне ән қабыл алыңыздар.

 

Ән: «Құттықтаймын мама - туған

күніңмен!» хор  Әлден Гаухар Тыныштықбайқызының

жетекшілігімен.

Мұғалім: Міне, ана деген

сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім

болуға мүмкін емес. Құрметті аналар оқушылардың жүрек жарды сыйлықтарын  қабыл алыңыздар.

Адина: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі

анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің

бар асылын бойына жиып,

Дүниенің

ардақтысы анам екен.

Санел: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны

білінбейтін.

Маңдайымнан

иіскеп менің,

«Құлыншағым,

күнім» дейтін.

Дарын: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым

мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен

кешімізді аяқтаймыз,

Гүл

бітсін бәріңіздің қадамыңа,

Мұғалім: Өмірге ана – бұлақ, ана – пана

Өмірді өркендетер ана

ғана,

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8

наурыз халықаралық ана – қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға

бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз дей

отырып, бүгінгі шағын кешімізді аяқтаймыз және мына әдемі биді қабыл алыңыздар.

 

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст