«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылыңдағы Жамбыл орта мектебінің 15/01-20/01 аралығында өткен физика және математика апталығының мәліметі

20.01.2018

Мектебімізде «Математика – физика еліне саяхат» тақырыбында пән апталығы өтті. Апталықтың әр күніне жаңа үлгідегі мәдени іс-шаралар жоспарланды. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамытатын танымдық ойындар жүйесін физика пәнінің мұғалімі Смагулова Б.Г. құрды. Ол апталықтың үш күніне жауапты болып, мынадай жұмыс түрлерін өткізді.

7-8 сынып оқушыларымен «Эрудиттер» айдарымен физикалық сайыс ұйымдастырылды. Оқушыларды ұйымшылдық, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 7-8 сынып оқушыларын екі  топқа бөлді. Сайыс 6 бөлімнен тұрды. 

1. Сәлем – сөздің анасы

2. «Дұрыс-бұрыс» білім минуты

3. Физикалық жұмбақтар (үш тілде жауабын табу)

4. «Жасырын ұяшық» 

5. «Блиц турнир»  (логикалық сұрақтар)

6. «Венгр сөзжұмбағы»

 Әр топ өздерін таныстырып, слайдпен жұмыс жасап, жұмбақтар шешіп, қызықты тәжірибелер көрсетті. Сайыс барысында  жүйрік оқушылар анықталды, оқушылар логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытты.

Апталықтың екінші күнінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында 7, 8, 9 сынып оқушыларымен  Садыкова А.Т. жарыс сабақ ұйымдастырды. Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, ой-өрісін кеңейту мақсатында математикалық дамино сайысы өтілді. Топ мүшелеріне блиц-турнир бойынша сұрақтар қойылып, оған шапшаң жауаптар қайтарылды. Қойылған сұрақтар математика ұғымдары бойынша құрастырылды. Шара өте белсенді, мазмұнды өтті.

 Үшінші күні «Ринг-брейнг» атты физикалық ток шоу өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кеш 10-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді.  Сайыс 2 кезеңнен тұрды: «Білімінді тексер», «Көмекке келетін жұмбақ»

Апталықтың төртінші күні математика пәнінің мұғалімі «Ақыл-ой гимнастикасы» атты интеллектуальді ойынын өткізді. Апталықтың бесінші күні «Математтка әлем»і атты топтық ойын 5-6 сынып аралыында Смагулова Ж.А. ұйымдастырды. 5-6 сынып оқушылары жарысқа белсене араласып өз білідерін көрсете білді. Оқушыларға сергіту сәті ұйымдастырылып сабаққа деген қызығушылығын оятты.

«Қызықты математика, физика әлеміне саяхат» атты ақпараттық стенд шығарылды. Әр өтілген іс шара оқушыларды шығармашылыққа, тапқырлыққа жетеледі, білімін кеңейтіп, белсенділіктерін дамытты. Апталық жоспарлы, тақырыпқа сай, жаңа үлгідегі жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырылды.

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст