«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Болашақты нұрландырған – тәуелсіздік»

18.12.2017

Мақсаты:

1)  жылдар бойы бабаларымыздың арамандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымыды, Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру.

2) Отанды сүюге, құрметтеуге, Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

3) өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Көрнекілігі: Тәуелсіздік, туған жер туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер көрмесі.

 

1-жүргізуші: Ел болып жатқан шақта қосып тілек,

Ойламан бақыт құсы кешікті деп

«Тербелді Тәуелсіз күн, тал бесігі»,

Бұл күнді жүруші еді-ау тосып жүрек

2-жүргізуші:Кезегі келді міне тосқан күннің,

Қар жауып, қайта ашылды аспан бүгін.

Қарашы, ақша бұлтқа кетті айналып,

Еңсемізді қашаннан басқан мұңым!

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты көрермендер! «Болашақты нұрландырған –

тәуелсіздік» атты тәуеліздік күніне байлансыты мерекелік кешімізді  бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Әнұран ойналады.

1-жүргізуші: Иә, бұл әнұран сөздері дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша, біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

 

2-жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы

шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз беттерінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Солардың бірі – ақын Мұхтар Шаханов.

  1-жүргізуші: Кінәлі ме,ақын Қайрат, ер Қайрат?

Ауа жетпей атып шыққан алаңға

Қылқындырған қиянатқа көнбеді ол,

Тапталғысы келмеді оның табаңға

Әсте естен шығармайды жыр мұны,

Айтады ылғи домбыраның күмбірі

Аты аталса күрсіндірер жылатып,

Желтоқсандық азамат пен құрбаны

Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында,

Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі

 

Ән: «Отаным – Қазақстан»

 

2-жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр себпті. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз,айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. «Болашақты нұрландырған – тәуелсіздік» атты әдеби кешімізді қабыл алыңыздар:

5-6 сынып оқушылары

(5-6 сыпытың тапақтары)

  1-жүргізуші:Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік мақталады дей

отырып келесі тамашалайтындарыңыз Ұлдары

тобы: Күй «Той бастар»

 

2-жүргізуші:Қан төгілді қара жерге

қаншама,

                   Қайғылы

жай белгісі ғой баршаңа

Егеменді ел боп алдың бүгінде

Қуанышым менің мәңгі тарқама!  Келесі тамашалайтындарыңыз Би: «          «

 

1-жүргізуші:Көк аспандай тулардың

                   Желбірейтін

күні – бұл!

                   Елім

деген ұлдардың

                   Елжірейтін

күні – бұл!

                   Келесі тамашалайтындарыңыз «Мирас» ансамблінің орындайында «Айым

болып тудың ба?»

 

2-жүргізуші:

Өзіндікі

– елің де

                   Өзіңдікі

– жерің де,

                   Өзіңді

өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төріңде!

Өзіңдікі – туың да

От пен ауа, суың да

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да! дей келе «Болашақты нұрландырған – тәуелсіздік»

атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға  көп рахмет

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст