«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс – шара

18.12.2017

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің

тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.

1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Осы мерекеге орай Жамбыл орта мектебінде мерекелік іс – шараларды өткіздік. «Желтоқсан құрбандары», «Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстан!» атты

ақпаратты стенд шығарылды.  «Желтоқсан жаңғырығы» атты барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.  «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіз елім!» атты спорттық жарыстар, «Мен азат елдің ұланымын!» атты саптық ән байқау. «Мен елімді жырлаймын!» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Сондай – ақ ,   «Болашақты нұландырған Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті, онда Жас Ұланға балаларды қабылдады. Өткізілген іс – шаралар балалардың ойына ой қосып, бойына күш жігер дарытты деген ойдамын. Өтілген шаралар балаларды өз елінің тарихымен таныстырып, Отанын, елін сүюге бағыттау.    Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст