Жамбыл орта мектебінде өткен
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс – шаралары жайлы
мәліметі
1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президенті күні. Осы саяси мәні бар мерекеге орай мектебімізде ауқымды іс – шаралар жүзеге асты. Жоспарланған іс – шараның басты мақсаты – «Мәңгілік ел» бағдарламасына сүйене отырып атқару. Яғни, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, оқушыларды Отанын, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Н.Назарбаевты әлемнің көп мемлекеттері мойындаған дара, дана тұлға екендігін таныту. Қазақстанның өркендеуіне, дамуына, өсуіне үлес қосқан тұлғалық тұғырының биік екендігін түсіндіру арқылы ерен еңбегіне мақтаныш сезімдерін тудырып, Елбасына деген құрметтерін қалыптастыру болды Құлмағанбетова П.О ұйымдастыруымен «Eлін сүйген, елі сүйген Елбасы»
атты салтанатты жиын өткізілді. Елбасының өмірбаяны жайлы айтылды, Елбасына арнап өлең – жырлар айтылды. Жоғарғы сыныптарда «Еліне қамқор Елбасы»
атты ақпаратты стенд шығарылды, Президенттің еңбектері жайында кітап көрмесі, викториналық сұрақтар, слайд сабақтар, «Менің Тұңғыш Президентім» атты тәрбие
сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Осындай жұмыстар жүргізу арқылы өскелең ұрпақ бойында еліне, жеріне, отанына деген патриоттық сезімдерін дарыту болатын. Осы тәрбие сағаттарын, сынып сағаттарын көру, қатысу арқылы туған жері үшін қуана да, қайғыра да алатын азаматтар тәрбиеленеді деп ойлаймын.