«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл орта мектебінде өткен «Алтын күз - 2017» атты сайыс

17.10.2017

Қазан айының ортасында мектебімізде жомарт күзге арналған кеш өтті. Кешті  «Жұлдыз» ұйымы, сынып жетекшілер ұйымдастырды. Күзгі бал мерекесіне арнайы жоспар құрылып, үш топ қатысты. Табиғаттың 4 мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкеледі. Өміріне қажетті табиғаттан алатын құндылықты күз

кезінде көбірек алады. Береке бастауы – күз мезгілін дәріптеу мақсатындағы өткен мереке бағдарламасы осы мәселелер төңірегінде құрылды. Оқушылар күзге тән топ аттарын таңдаған  ( «Ананас», «Анар», «Көкөністер»). І кезең  «Таныстыру». Топтың ұраны,төсбелгісі,атына заты сай киім үлгілері болды. Ұраны мен төсбелгісін қорғап шықты. ІІ кезең  «Мәнерлеп оқу» сазды әуен ырғағының сүйемелдеуімен күз туралы өлең оқылды. Өлең күз туралы болды, дауыс ырғағы, жүріс – тұрысы, оқу ырғағына көп мән берілді. ІІІ кезең «Породия» көрсету болатын, барлық топтар бірінен бірі асып өнерлерін ортаға салды. ІҮ кезең  «Ысқақ» өздеріне берілген тапсырманы толығымен орындады, сахналау, образға кіру шеберліктері көрермендерді таңдай қақтырды. Ү кезеңде  «Би» ырғақтарын көрсету. Өздері таңдаған әуенге би ырғақтарын бір адамдай билеп, осыған орай тігілген киімдерімен ерекше би көрсетілді. ҮІ кезең  «Сән үлгісі» күз маусымына арналған сән үлгісіндегі киімдер көрсетілді. ҮІІ кезең  «Дастархан» арнайы жайылған дастарханда күз маусымындағы дәнді – дақылдардан дайындалған тағам түрлері ерекше тағаммен орын алған. Барлық топтың даярлаған ас мәзірі жоғары бағаға ие болды. Үш топтың дайындығына тәнті болған әділ қазы алқалары орын беру кезінде көп ойланды. Барлық сайыста тең болып келген топтар қабырға газетіне келгенде «Анар» тобы бір балмен алға шықты. Газеттерінің суреті шынайы, бояуы қанық болды. ҮІІІ кезеңде күз мерекесінің ең шырқау биігі болды. Әр топтың ханзадалары мен ханшайымдары  шығып өз өнерлерін ортаға салды.  «Алтын күз – 2017» Ханзадасы мен ханшайымы таңдалды. Әсем, соңғы үлгімен тігілген киім, күз ырғағына лайық биі бойынша  «Ананас» тобының ханзадасы мен ханшайымы таңдалды.  І орын алған  «Анар» тобы 4000 тенге ақшадай сыйақы, ал «Көкөністер» мен «Ананас» топтары 2500 тенге сыйақымен марапатталды. Сайыс өте жоғары дәрежеде өткізілді. Жиналған қауымда балалардың өнеріне риза боп тарқасты. Сайыс соңында барлығы дастарханнан ауыз тиді. Сайыс соңы би кешіне ұласты.

Просмотров: 1266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст