Текст
6 қыркүйекте Жамбыл орта мектебінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған іс-шаралар бастау алды. Онкүндіктің алғашқы күні «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» айдарымен салтанатты жиын өтті. Мектеп оқушылары өз ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін өлең жолдарымен білдіріп, тіл өнері туралы мақал-мәтелдер сайысына қатысты.
Мектеп кітапханашысы – Куанышова Д «Рухани тәуелсіздіктің басты негізі – қазақ тілі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Өтілген шараның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдеріне құрметпен қарап, тәуелсіздіктің басты белгісі –ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Онкүндіктегі белгіленген іс-шараларға барлық мұғалімдер мен мектеп оқушылары, ата-аналар қамтылатын болды