Бүгін күн керемет күн болды. Себебі, «Шұғыла» лагерінің ІІІ кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Лагерьге 11 оқушы келді. Келген балаларды қабылдап алып, бой жазу жаттығуларын жасадық. Келген балалардың жас ерекшелігі бар, бір қырыннан бір – бірін жақынырақ тану мақсатында«кел, танысайық» атты ойын ойнаттым. Балалар ашылу салтанатына қолдарына ұстаған шарларын тілек айтып, аспанға ұшырды. Жасыл желекте жатып, күннен күш қуат алды.
Лагеріміздің екінші күнінде «Елімнің байтақ, шексіз шекарасы» атты тақырыптың мазмұны ашылды. Ұлан байтақ еліміздің байлығы мен шекарасы жайында көптеген мағлұматтар айтылды. Карта арқылы елдің шектелген шекарасын көрсетіп жарысса, екінші біреулері көрікті орындарын айтып массаттанды. Саптық жаттығулар жасатылып, «Мен кіммін?» ойыны ойнатылды
Бұл күнде қызыққа толы күн болды. Күнді бой жазу жаттығларын жасаумен бастады. Астана күнінің туған күніне орай кораоке ән бағдарламасы өтті. Әркім өзі сүйіп айтатын Астпана туралы әндерін караокеге сүйеніп айтты. Салған әндері көңілге қуаныш ұялатар сезімде шырқалды. Және де өздері қыдырып барған Астананың көрнекті орындары жайында бір біріне таныстырып, әңгімелерін айтты. Астананың көрнекті жерлері туралы стенд безендірілді. Арасында «Саяхатқа не апарамын?» атты ойынды сергіту мақсатында ойнаттым.
Бүгінгі күн балаларды қарсы алудан басталды. Балалар бой жазу жаттығуларын жасап, «Не жоғалды?» ойынын ойнап, таза ауада серуен құрды. Одан соң «Ядросыз әлем» тақырыбында
сурет салып, өз суреттерін жолдастарының алдында қорғап шықты. Мақсатымыз өз қиялына сүйеніп сурет салу, сөйлемдерді байланыстырып , толық айту, сөилеу. Сондай - ақ бейбіт аспан әлемінде еш қорқынышсыз, алаңсыз өмір сүру.
Бүгінгі күнде «Мәңгілік ел» адам және заң атты тақырыпта жұмыс атқардық. «Мәңгілік ел» бағдарламасы арқылы әрбір жас жеткіншек, балапандар елін мақтан тұтар азаматтар болатынына нық сеніммен айта аламын. Балаларға заң туралы қиын да қызықты тарпсырмалар беріп, қызығушылығын арттыра түстім. Балалар берілген тапсырманы аса жауапкершілікпен орындады