«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2-жүргізуші:
Он бір жылда оң – солын таныған жас.
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл.
1-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
(Музыкалық әуенмен ортаға
түлектер бүлдіршіндермен қол ұстаса шығады. Түлектер орындарына
тұрады,бүлдіршіндер өз орындарына тұрады.)
2-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны
ашық деп жарияланады.
1-жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
( Әнұран орындалады)
2-жүргізуші: - Салтанатты жиынға келген құрметті
қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Ажырамай ұжымынан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
2-жүргізуші: Мектеп бітірушілердің құрметіне арналған салтанатты жиынды ашу
құрметі мектеп директоры – Дүйсекеева Меруерт Оразалықызына беріледі.
1-жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен
мейірің,
Енді аяңдап оларға да келейін!
Уақыт бөліп, бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Түлектерді құттықтау сөзі ___________________________________
беріледі.
1-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ән шырқалып осы тойда,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты дей келе «Ұстазым» әнімен 5
сынып оқушылары Оразыл Дина мен Шахмашова Ақбота қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне
беріледі.
(1 сыныппен даярлық сыныптың құттықтаулары)
(Даярлық сыныптың
биі)
1-жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
2-жүргізуші: Өз ұстаздарын құттықтау сәтін түлектер асыға күтіп тұр. Олар
өздерінің шәкірттік лебізін, шын көңілінен шыққан ән – жырларын сіздерге
арнамақ, құрметті ұстаздар! 11 сынып оқушыларына сөз кезегіг береміз.
(11 сыныптың құттықтаулары)
1-жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 11 сыныптың үздік оқушысы Құлке
Нұрсұлтан мен
1 сыныптың үздік оқушысы Төлеубай Дарын тапсыру
сәтін тамашалаймыз
Нұрсұлтан:
- Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті» деп
(Алтын кілтті табыс етеді).
Дарын:
Он бір жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Апалар мен ағалар!
Орындалды ойыңыз.
Құтты болсын тойыңыз!
Үлгілі болып сіздердей
Үлкейеміз біздер де.
Біз де ойшыл, өнерлі
Боламыз істің шебері.
Көп екен «төрт»,бесіңіз»
Өмірде өстіп өсіңіз.
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз,
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
(11 сынып түлектері 1 сынып оқушыларына алдын ала дайындаған
сыйлықтарын табыстайды.)
2-жүргізуші:
Ажырамай
мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз-
дей келе 11 сыныптың алғашқы ұстазы Жақыпова Лаззат Қайыргелдіқызына сөз
береміз (Жақыпова Лаззат Қайыргелдіқызының құттықтау сөзі)
1-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген
бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген
бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – сынып жетекшісі бапкерлерде.
дей келе 11 сыныптың сынып жетекшісі Смагулова Балшекер Госманқызына сөз
береміз.
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы
Мектеп бітіруші түлектердің
ата-аналары атынан өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін құрметпен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Гүлдерге толып
омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
2 –жүргізуші:
Мектеп, мектеп - шаттыққа толы үйің
Ұша білсең болмас - ау қону қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.
Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қожахмет Нұрбек пен 1 сынып оқушысы Ахметбекова Адинаға беріледі.(Қоңырау
соғу сәті.)
1–жүргізуші:
Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір -біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір- біріңе сүйеу болып демеңдер.
2–жүргізуші:
Қоштасады
алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін
1-жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық
күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып .
(Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып ,
вальске билейді.)
1- жүргізуші: Бүгін- алғашқы қоңырау мен соңғы
қоңғыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
2 -жүргізуші: Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп
көңілің қимастық кешкен күн.
1-жүргізуші: Бүгін- атаң ақ жол
тілеп, ақ бата берсем деген күн.
2-жүргізуші: Бүгін- әжең ерке
ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
1 -жүргізуші: Бүгін- әкең қызым бой
жетті деп мақтанған күн
2–жүргізуші: Бүгін –анаң ұлым ер
жетті деп шаттанған күн.
1 -жүргізуші: Бүгін- ұстазыңның
жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
2 –жүргізуші: Бүгін- арман қуып
алысқа аттанған күн.
1 -жүргізуші: Бұл күн – мектеп
тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
2–жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне дей келе соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар.