Жамбыл орта мектебінде 29.04 күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Алуан түрлі ұлтты жатсынбай бауырына басып, бейбітшілік пен татулықтың мекеніне айналған, достық пен ынтымақты ту еткен еліміз жайлы оқушылар арасында әртүрлі
іс – шаралар ұйымдастырылды. Смагулова А.С ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиында әр ұлттың өз тілін, дінін мәдениетін дамытуға жасалған мүмкіндіктер Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің
тату - тәтті өмір сүруге жағдай жасалғаны айтылды.Қазақ халқының бауырмалдығын сезінген 130 – дан астам ұлт өкілдері Қазақстанды өз Отаным деп айтады. Осыдан кейін біздің мақтанышымыз, байлығымыз – бірлік, татулық екендігі дәріптелді.
Сондай – ақ ұлты басқа болса да, елімізге танымал ақын –жазушылар туралы мәліметтер берілді. Ахметова Ш.А танымал ақын –жазушылардың кітаптарынан көрме ұйымдастырды. Барлық сыныптарда «Достығымыз жарасқан» атты сынып сағаттары өткізілді. Ауылдық округке фестивальға барды, фестивальда әр ұлттың биін билеп, әнін салғызды. Өтілген іс – шаралар балалардың бойына Отанына деген сүйіспеншілік пен кеңпейілділік қасиеттерін дарытты деп ойлаймын. Аубакиров А.Д оқушылар арасында
«Жарасып біз ойнаймыз» атты әр ұлттың ойындарын ойнатты.Жүргізілген жұмыстар
жоғарғы дәрежеде өтілді.