Халықаралық балаларға арналған кітабы күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі.Осы күнге орай көптеген белді компаниялар балаларға арналған кітаптардың жарық көруіне ат салысады. Балаларға арналған
кітаптардың халықаралық күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби шығармаларының байқауы жарияланған болатын.Бұл байқаудың мақсаты мемлекеттік тілді қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына жәрдемдесу және балалардың бойына отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қазақта балаларға арнап қызықты кітаптар жазған жазушылар жетерлік. Олар кейбір туындыларын ересектер де сүйіп оқиды.Сол жазушылардың бірі: Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов.1992жылы Америка континентінің ашылғанына бес жүз жыл толуына орай Б.Сүлейменовтың «Бес ғасыр атылмаған садақ» кітабы жарық көрді. Б.Сүлейменов республикалық жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі. Осы күнге орай Жамбыл орта мектебінде кітап көрмесі өтті. Көрмеге бастауыш сынып оқышылары келіп, әр түрлі кітаптармен танысты. Кітаптың шығу тарихы туралы және балаларға арнап жазылған кітаптың тізімі жайлы мағлұмат берілді. Мағлұмат беру арқылы оқушылардың бойына кітапқа деген құрметтерін нығайту, сүйіспеншілігін арттыру.