Ана – адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы. Адам бойындағы ізгі қасиеттер ана жүрегінен бастау алып, аялы алақанымен мейірім шуағынан таралды көздеген мақсаты – өзінің анасын пір тұту, сыныптас достарын сыйлау,сый – сияпат жасап, ілтипат білдіру болатын. Мектеп ұжымындағы аналарды, қыздарды, оқушыларды құттықтау мақсатында стенд шығарылды. «Аялай біл сен деп соққан
жүректі» фотомонтажы аналарды шаттыққа толы сәттерін бейнелеп, оларға қуаныш сыйлау өз қолында екендігін насихаттау. Оқушылардың барлық аналары арнайы шақырылып, «Мерекеңмен анашым!» айдарымен концерттік бағдарлама тамашаланды. Аналардың құрметіне сахналық қойылымдар қойылды, әсем ән айтылды, би биленді, балалардың жылы лебіздері білдірілді. Өз қолдарымен сыйлықтар жасап, аналарына сыйлады. Аналар құрметіне арнайы дастархан жайылып, олардың мейіріміне, қамқорлығына алғыс айтылды. Сондай – ақ, мереке қарсаңында Сүлейменова Қ.К жетекшілігімен «Ал, қанекей қыздар!» сайысы өткізілді. Сайыс бірнеше кезектен тұрды. Мақал – мәтел жарысы, салат жасау, ән айту, би билеу, қолөнер сайысы өтті. Жүлдені 6 – 8 сыныптардың қыздары жеңіп алды. Мектептегі ұстаз – аналар үшін «Бар ізгілік бір өзіңнен басталады» салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиын Д.О.Қуанышованың басшылығымен ұйымдастырылды. Оқушылар өз мұғалімдеріне ән жолдарын арнап, мерекелік шаттық сыйлады. «Әйелдер – тіршіліктің берекесі, жасасын әйелдердің мерекесі!».