«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерекеңмен Анашым

10.03.2017

Тақырыбы: Мерекеңмен Анашым

Мақсаты:  Ана Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей

құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8

наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті,

екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл

мерекесі.

Сенен

өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

 

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің

ұстаз-апайлары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге

сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған

тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре

беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді

мектеп директоры   Меруерт Оразалықызына береміз.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- 

2-жүргізуші:

Құрметті аналар, ұстаздар, ару қыздар! Жамбыл орта

мектебінің өнерлі оқушылары өздеріңізге арнап дайындаған «Мерекеңмен анашым!...»

атты мерекелік концертті  тамашалауға ұсынамыз! Алдарыңызда даярлық сынып оқушыларының орындауында «Қуыршақ биі»

 

1-жүргізуші:

 Қымбатты 

әжелер, аналар, ару-қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр

құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің

қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен

құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын

діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп

соқса,бүгінгі мерекелік бағдарламамыз   аналарға арналады.

 2 жүргізуші:

 Анасыздар,

әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-   даярлық сынып оқушыларының  орындауында «Жігіттер тобы»  аналарға арналған би шашуын қабыл алыңыздар.

 

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның

мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс,

қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын

Сіздерге арнаймыз:

 

Гүлдей болсын өмірлеріңіз,

Нұрға толсын көңілдеріңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

  

Сіздерге   1

сынып оқушыларының орындауында   заманауи

би арналады қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші: Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен

бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін,

ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін, батырды өсіретін,

ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

Ендеше келесі  құттықтауды 2 сынып оқушыларының

орындауында Ковбойлар биі өз  құттықтауларын 

жолдайды.


Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап,

жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден

жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға

береке-бірлік тілейміз

Сіздердің алдарыңызда  1 сынып оқушыларынан

ысқақ"әжелер"  қабылалыңыздар 

2

жүргізуші:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз, -дей келе

2 сынып оқушылары көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8

наурыз әйелдер күнімен  құттықтайды. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік

жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейді.

«Роботтар биі» қабыл алыңыздар

1

жүргізуші: «Әйелдер

адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген

екен орыс жазушысы Пирогов.

Олайболса  Аяулы

аналар көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз

бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға

әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

3-4 сынып оқушыларыныңорындауында  "Әке-ана"әнін қабыл алыңыздар.

 

2

жүргізуші: Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа

шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік

ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге

ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй

тілейміз!

5 сыныптың орындауында "Гүлдер" биімен қыздар

тобы  қабыл алыңыздар

 

1

жүргізуші: Мұхаммед

пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні

әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке,

молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

         Келесі

құттықтау  біздің  аруларға арналады.

Чарлстон биімен 3- 4-сынып оқушылары қабыл алыңыздар.

 

Арулар күніне арналған жылы лебізді қабыл алыңыздар. Тал

бойыңызға ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ

қыздарының жан сұлулығын тілейміз. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз

күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

"Желідегі Ару" 5 сынып оқушыларының

орындауында.

2-жүргізуші:Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!  7 сынып оқушыларының орындауында «жастар» биі

қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ана – жұмақ,

мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ,

мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық

тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы. 8

сынып оқушыларының орындауында 

Алдараспанан ысқақа «Коля» тамашалаңыздар.

2- жүргізуші: Ана дейміз бәріміз

де аңқылдап

Ана дейді жас сәби

де жарқылдап

Ана деген –

бәйтерегі өмірдің,

 Ана деген – алтын қазық, алтын бақ! – дей

отырып оқушылардың аналарына арналған сыйлықтары бар екенкелесі кезекті сыйлық

табыстауға рұқсат етңіздер!

Музыка

жүреді...............................................................

1-жүргізуші: О, аналар осындайсың

бәрің де,

Осындайсың

жасың-дағы кәрің де,

 Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана

деген тәңірге...

9 сынып

оқушыларының орындауында ысқақ «Қазақтың тойы».

1- жүргізуші: Ең күшті нәрсе не?

– десе, 

- Әйелдің әмірі! –

дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім. Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені,

адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын -

әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел.

Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті -

әйел махаббаты.

2-жүргізуші: Керемет

айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі ән  тыңдап алайық: Мектебіміздіңдаярлық сынып

тобының оқытушысы Смагулова Аягөз Серікқызының орындауында «Қос бәйтерек » әнін

қабыл алыңыздар

 

2- жүргізуші: Көңілің алатаудың

ақ қарындай,

 Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

 Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан

ақтарылмай. – 10 сыныпоқушыларының орындауында 

ысқақ «Гена»

1-жүргізуші:

Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ

сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы  ең жақсы қасиеттер

бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да

үйренеміз. -11 сынып оқушыларының орындауында «Анаға тілек».

 

2- жүргізуші: Бір өзіңнен бастап

өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді

жалғадым.

 Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап

өту арманым.

 Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді,

асыл анам,

Сонда біз кісілікке

теңесеміз!10 сынып оқушыларының орындауында «мама»әні

 

1-жүргізуші: Аяулы аналар!

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің

қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша

қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта

жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

 2 -жүргізуші:        Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен «Шын жүректен» атты мерекелік бағдарлама аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст