Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясындағы бастамасы бойынша 1 наурыз алғыс айту күні болып белгіленді. Елімізге заманның тағдыр тәлкегіне ұшырап,озбыр сталиндік режимнен жапа шеккен түрлі этностар қоныс аударды.
Статистика бойынша қазақ даласына 800 мыңға жуық неміс, 600 мыңдай Солтүстік Кавказ
халықтарының өкілдері, 18 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары, 100 мыңдай поляк жер
аударылған. Дархан көңілді халқымыз оларды жатсынбай, бауырына тартып, ағайыншылық танытты. Сол кезде қазақтардың өздері де тоталитарлық жүйенің қолдан жасаған ашаршылығын, репрессиясы басынан кешірсе де бір үзім нанын бөлісіп, қамкөңіл жандарға бар мейірімін төкті. Жат жұрттық мінез танытпай, достық ықыласын білдірді, көңіл кеңдігін танытты. Өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан халқымыз «өле жегенше, бөле же», деп қиындыққа душар болғандарды аман сақтап қалды.
Қазақ дейтін ұлттың өн бойынан табылған таудай парасат, теңіздей шалқыған көңіл ,
даласындай кең пейіл, ықылас - ниет, мейірбандық алғыс айтуға тұрарлық. Сондықтан бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір - біріне деген мейірімділігі мен достығының жарқын мерекесі. Қиын -қыстау заманда қоныс аударған этностарды қанатының астына алып, пана бола білген халыққа ризашылық білдіру күні.
Осы мерекенің мән - мағынасын жас ұрпаққа ұғындыру, оған құрметпен қарау, өз ұлтын
мақтан ету мақсатында Жамбыл орта мектебінде «Рахмет саған, қазақ елі!» атты
шара ұйымдастырылды. Сынып сағаттарында татулық пен бірлік арқасында елдің
дамуына үлес қосып отырған көпұлтты мемлекетіміздің дамыған елдер қатарында нық
тұрғаны, әр ұлттың өз тілін, дінін, мәдениетін дамытуға барлық жағдай жасалғаны
айтылды.
Бірлік пен ынтымақтастық тақырыбына «Мақал мәтелдер білгірі» сайысын қазақ тілі және
әдебиеті мұғалімі Құлкенова А.Т ұйымдастырса, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Ш.А «Дружба народов навеки жива» айдарымен әдеби - монтаж өтікізді. Достық пен мейірімділік мерекесі «Ынтымақты елдің ырысы мол» концерттік бағдарламамен аяқталды.
Осынау ортақ шапағат, шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!