Жамбыл орта мектебінде 21 ақпан - халықаралық ана тілі күні аталып өтті. «Мемлекеттік тіл – жалпыұлттық бірліктің басты факторы» айдарымен салтанаттыжиын өтті. ЮНЕСКО шешімі бойынша ана тілі күні белгіленгені, оның басты мақсаты– барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, бірлікті нығайту, отбасы құндылығы ретінде таныту екендігі түсіндірілді. Халқымыздың рухани өресін, мәртебесін, тұрмыс-салтын, өшпейтін асыл мұрасын туғызған тілдің кұдіретін, маңызын ашу мақсатында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам», кітап көрмесі, «Аққумен тербелген Мұқағали» поэзия кеші, «Тілім менің – қазынам қасиетім» викторинасы, «Шешендік сөздер» сайысы ұйымдастырылды. «Ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды білген халқымыздың сөз құдіретін көрсету, құрметтеу мақсатындағы іс-шаралар оқушылар бойында елжандылық, тілге деген жанашырлық сезім ұялатты.