Текст
Жамбыл орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубы ашылды. Оған жоғарғы буыннан 7 оқушы қатысады. Бекітілген жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. «Қоғамдық тәртіптің негіздері» атты пікірталас өтті. Пікірталаста қоғамдық тәртіп жайында жағдаяттар айтылып, қызу талқылауға түсті. «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» атты сурет көрмесі өтті. Жемқорыққа жол жоқ екендігі әр суретте айқын бейнеленген. Осындай үлгіде театырланған қойылымдар көрсетілді. «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе жазды. Өтілген жұмыстар өз дәрежесінде өткізілді. Оқушылар өз Отанына адал қызмет ететін тұлғалар болғанда ғана өсіп, өркендейтінімізді түсінді