«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі.

06.02.2017

Тәрбие сағатының    тақырыбы:  Ел рәміздері  елдігімнің  реңі,  теңдігімнің  тірегі.

Мақсаты:   І.Елтаңба,  Ту,  Әнұран  туралы   түсініктерін нығайту. Рәміздердің  пайда   болуы   және тарихтағы   маңызы   жайлы   түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының  есте сақтауын  дамыту,  өз  ойын  дұрыс  жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды  Отан сүйгіштікке,  адамгершілікке,  Отанына,  халқына адал қызмет  етуге,  елінің  Туын,  Елтаңбасын, Әнұранын   қастерлеп, құрметтеуге,   халқының  тегін,   тарихын   білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер,  карта, мақал-мәтелдер, Отан,  жер  туралы нақыл   сөздер.

                                                                                 

Кіріспе бөлім: Біздер  тәуелсіз  қазақ  елінің  ең  жас ұландарымыз. Сондықтан   өз жерімізді,  өз елімізді әкелер мен  аталарымыз  сияқты  қадірлеуге,  сүюге қорғауға  тиіс  екенімізді  естен  шығармайық.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі 

Білу керек баладағы ең кіші 

Рәміздерім - Әнұраным, Ту, Елтаңба. 

Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі,- деп бүгінгі «Ел  рәміздері  елдігімнің  реңі,  теңдігімнің  тірегі.» атты тәрбие

сағатымызды бастаймыз.

 

Әнұрвн орындалады.

Ақбота: Еңселі Елтаңба. 

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін

жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

 

Бексұлтан: Елтаңбасы елімнің

Неткен қымбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт, береке- шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда;

Еркіндігім – Елтаңбам

Жұлдыз Елтаңба- өжеттік, өрліктің белгісі. 

Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі. 

Елтаңба- кемелдік кеңдіктің белгісі, 

Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі 

Елтаңба- егемен елдіктің белгісі. 

 

Элмира: Тұғырлы   туымыз.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.  Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.  Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

 

Есенғали: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым.


Жұлдызай: Асқақтаған   Әнұран.

Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп

,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

 

Дина: Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Барша   халық   таныған

Біздің   үміт,   тілекті.

Шырқалғанда   әнұран

Шаттық   кернер   жүректі

Жеңіс   туын   көтерген

Жарыстарда   сан   қилы,

Жетіп   бізге   шетелден

Көкке   әнұран   шалқиды.

Шәмші   атаның   сазды   үні

Жігер   беріп   қайратты,

Бәрімізді   мәз   қылып,

Жаңғыртады   аймақты.


Есенгали: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Ән: «Қазақстан»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына, 

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста! 

Ғасырларға жалғастырып елдікті, 

Дақ түсірме ата-баба рухына. 

Үлгі бізге аталардың ерлігі, 

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі. 

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей отырып бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст