«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арифметикалық прогрессияның алғашқы п-ші мүшесінің формуласы

04.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның  алғашқы п-ші мүшесінің  формуласы

Сабақтың мақсаты:  1.Білімділік: Оқушылардың арифметикалық прогрессия және туралы білім-білік дағдыларын , теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып қайталау, тиянақтау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, ойлау қабілеттерін жетілдіру,

білімдерін тереңдету.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауаптар, топпен жұмыс;

Сабақтың көрнекілігі:  деңгейлік тапсырмалар;

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушы дайындықтарын  және үй тапсырмаларын тексеру;

б) сабақтың мақсатын айту;

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру.Үй жұмысын  тексеру

Қызығушылықты  ояту.

(Слайд  бойынша)

ІІ.Қайталау сұрақтары:

1.    Тізбек ұғымының  анықтамасын айтып, мысал келтір

2.    Тізбектің  берілуі  тәсілдерін  ата

3.    Өспелі  және  кемімелі  тізбек деп қандай тізбектерді айтады?

4.    Бірсарынды болатын  және 

болмайтын  тізбектердің  анықтамасын айт

5.    Арифметикалық 

прогрессия  анықтамасын

айтып,мысал келтір

6.    Қандай санды арифметикалық  прогрессияның айырымы деп атайтынымызды

түсіндір

7.    Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі,қай

кезде кемімелі  болады

8.    Арифметикалық 

прогрессияның  п-ші мүшесінің  формуласы

9.     Арифметикалық 

прогрессияның  алғашқы  п-ші 

мүшесінің  формуласы

10.   Арифметикалық 

прогрессияның   негізгі  қасиеті

Ауызша 

жаттығулар : слайд  бойынша

Ауызша 

есептеулер :  слайд  бойынша  

«Тапқыр  болсаң  шешіп 

көр»

Формуланы  танисың

ба?  Есептеулер  слайд 

бойынша  көрсетіледі.

 Деңгейлік

тапсырмалар

І деңгей: 

3; 7; 11;

...арифметикалық прогрессия берілген. Прогрессияның отызыншы мүшесін табыңдар

Бірінші мүшесі

130-ға, айырымы  -3 –ке тең. Прогрессияның  төртінші және он бесінші

мүшесін анықтаңдар.

Бірінші мүшесі

7-ге, он алтыншы мүшесі 67-ге тең арифметикалық прогрессияның айырымын

табыңдар.

ІІ деңгей:

Сегізінші мүшесі

-0,5-ке, оныншы мүшесі -3,5. Прогрессияның үшінші мүшесін табыңдар?

37 саны -44;

-41; -38; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?

a_n=(-1)^n/(9n-10)

формуласы берілген. Бірінші,екінші, үшінші мүшелерін анықтаңдар?

ІІІ деңгей:

Прогрессияның

 бңрңншң және екінші мүшелерінің қосындысы 12-ге , ал олардың көбейтіндісі

20-ға тең. Арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар?

1-ден 1000-ға

дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар

a_n=7+2nформуласымен

арифметикалық прогрессия берілген. 

S50-ді табыңдар?

IV. Сабақты

қорыту.

V. Оқушылар

білімін бағалау.

VІ. Үйге

тапсырма

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст