«Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де
Республика күніне өткізілген іс – шараның анықтамасы
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.
Республика күніне байланысты жоспар құрылып, сол бойынша іс-шаралар атқарылды.
17 қазан күні Жалтыр ауылындағы мәдениет үйінде мектеп парламентінің үздік президентіне арналған "Көш көсемі"атты аудандық байқау өтті. Байқауға мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Оразалы Дина Төлегенқызы қатысып аудан бойынша 3 орынды иеленді. Өзінің көшбасшылық қабілеті мен білімділігін көрсете білді.
«Сенімен мақтанамын Қазақстаным менің» атты барлық сыныптарда сынып сағаты өтілді.
«Мектепке кітап сыйла» акциясы бойынша мектебіміздің түлегі , Еуразия Ұлттық университетінің студенті Қабдұлкәкім Ақерке Сансызбайқызы дебат клубына қатысып, алған алғаш сыйлығын мектеп кітапханасына тарту етті.
Тарих пәнінің мұғалімі Байманов Б.Ж. "Қазақстан Республикасының даму тарихы" атты ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Отансүйгіштікке тәрбиелеу мемлекеттің жеткен жетістігіне мақтаныш сезім қалыптастыру. Оқушыларды екі топқа бөліп Қазақстан Республикасының даму тарихы бойынша викториналық сүрақтар қойды
19 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров А.Д, «Қазақстан – салауатты ел, салауатты болашақ» тақырыбында ұстаздар мен оқушылар арасында волейболдан сайыс ұйымдастырды.
20 қазан күні «Қазақстан Республикасының жетістіктері» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен интелектуалды ойын ұйымдастырылды.
"Қыран елім -Қазақстаным!" челленджіне өзін өзі басқару ұйымының мүшелері ат салысып барлық қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
«Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім" атты бастауыш сыныптар арасында сурет байқауы қтті. Жеңімпаздар анықталып мадақтау қаздарымен марапатталды.
22 қазан күні «Менің Отаным - Қазақстан» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы күніне орай жалпы мектепішілік «Атамекен» тақырыбындағы диктант жазылды.
Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Смагулова Б.Г.