«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылғы 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

25.11.2022

                                                                                                                           Бекітемін:

                                                                                                                       Мектеп директоры:

                                                                                                          _________М.О.Дюсекеева

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін

мектебінде 2022 жылғы 8-20 қараша аралығында

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар атауы

күні

жауапты

  1.  

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құру, бекіту

08/11/2022

ТІМ Смагулова Б.Г.

  1.  

«Зорлық-зомбылық пен Қатыгездікке жол жоқ» стенд, қабырға газеттерін шығару

09/11

 ТІМ Смагулова Б.Г.

  1.  

«Мен спортты жақсы көремін» эстафеталық жарыс

10/11

Аубакиров А.Д.

  1.  

«Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, парақшалар тарату

 

11/11

ТІМ Смагулова Б.Г.

Сынып жетекішілер

Мектеп психологы

  1.  

Балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті тақырыптарға сынып сағаттарын өткізу

08-14/11

Сынып жетекшілер

  1.  

«Зорлықсыз балалық шақ»  сауалнама

14/11

Қуанышова Д.О.

  1.  

«Әлем балалар көзімен» сурет байқауы

15/11

Бастауыш сынып мұғалімдері

  1.  

 «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» дөңгелек үстел

16/11

Мектеп призиденті Оразалы Д.О.

  1.  

 «Зорлық-зомбылық дегенді қалай түсінеміз?» тренинг

17.11

Мектеп психологы Әлжанова Ш.Ш.

  1.  

Дебат  клубының  алаңында балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселелерін талқылау

18/11

Дебат жетекшісі Смаилов М.С.

 

  1.  

Құқықбұзушылық фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтер жасау «Түнгі ауылдағы балалар»

12-19/11

ТІМ Смагулова Б.Г.

 

 

 

Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін

мектебінде 2022 жылғы 8-20 қараша аралығында

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізілген жөніндегі іс-шаралардың анықтамасы

        Мақсаты:

1. Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару;

2. Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру;

3. Балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.

       Міндеттері:

1) балалардың құқықтары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру;

2) ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту;

3) балалар мен жастарды оларға бағдарланған бағдарламалар мен саяси шараларды әзірлеу және іске асыру процесіне тарту.

      «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді

       Жоспарға сәйкес 9 қараша күні «Зорлық-зомбылық пен Қатыгездікке жол жоқ» тақырыбы бойынша стенд жасалып, қабырға газеттері шығарылылды.

       10 қараша күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров А.Д. пен өзін-өзі басқару ұйымының «Спорт» фракциясының мүшесі Амантаев Айбек 5-8 сынып оқушылар арасында «Мен спортты жақсы көремін» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Үш топқа бөлінген оқушылар әр сыныптың оқушыларынан құралды. Бір –біріне деген сыйластықтарын танытып, қызықты ойын үлгісін көрсетті.

       11 қараша күні «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді, онда «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!» тақырыбы бойынша мектеп психологы тренинг өткізді. Мақсаты:балаларға қатыгездікпен қарау  мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын  және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру. Мектеп психологы ата-аналарға парақшалар таратты.  

14 қараша күні барлық сыныптарда балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті тақырыптарға байланысты сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

      

     Сабақ мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

      Міндеттері:

       Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізу. Балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

        Осы күні Қуанышова Д.О. «Зорлықсыз балалық шақ»  тақырыбында 9 сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастыра отырып оқушылардан «Зорлық-зобылықты қалай түсінеміз?» тақырыбында сауалнама алды.

 

      Мектепте «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында оқушылардың зорлық-зомблық туралы түсініктері мен білімін тексеру мақсатында бастауыш сыныптар арасында  15 қараша күні «Әлем балалар көзімен» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Сурет салу сайысына 2-4 сынып оқушылары қатысты, соның ішінде 3 сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсенділікпен көзге түсті. Оқушылар өз суреттерінде тәуелсіз еліміздегі бейбітшілік пен татулықты сақтауға негіз болатын отбасы, туралы өз ойларын анық көрсеткен. Сайысқа аталып өткен сыныптардың барлық оқушылары сурет сайысында ат салысты. Салған суреттерімен   ішінде мазмұндылығымен және ой дәлелдігімен ерекше көзге түскен жұмыстар қарастырылып белсенді қатысқан сыныптар мен жекелеген оқушылар Мадақтау қағаздарымен марапатталды.

         16 қараша күні «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»  тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымының президенті Оразалы Д.Т. ұйымның фракция мүшелерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушылар осы тақырыпқа байланысты өз ойларын, пікірлерін айтты.

       17 қараша күні «Зорлық-зомбылық дегенді қалай түсінеміз?» тақырыбында мектеп пихололгы Әлжанова Ш.Ш. 5-6 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіріп және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып өтті. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін айта кетті. Оқушылар постер қорғап, өз ойларын жеткізе білді.

         18 қараша күні мектебізде дебат  клубының  алаңында дебат жетекшісі Смаилов М.С.   және өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшесі Шахмашева Ж.Б. «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселелері» тақырыбында  талқылау бойынша пікір сайыс ұйымдастырды. Пікір сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа үш топ қатысты. Әр топтың өз атауымен спикерлері болды. Алға сурылып «Мұрагер» топы шықты. Топтар марапатталды.

       12-19 қараша күндері Құқықбұзушылық фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтер жасау «Түнгі ауылдағы балалар» рейдтеріне жауапты адамдар шығып бақылау жүргізіп отырды.. Жүргізілген рейдтер барысында түнде жүрген оқушылар анықталған жоқ.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:       Смагулова Б.Г.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст