Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма сегіз жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Осы мерекеге орай Жамбыл орта мектебінде мерекелік іс – шараларды өткіздік.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ақпарттық стенд шығарылды. Бастауыш сынып оқушылар арасында «Тәуелсіз Қазақстан – балалар көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылса, кітапханашы «Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күні!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Мәңгілік Ел мұратымыз, Тәуелсіздік тұмарымыз» атты тәрбие сағатын Қабылтаева Г.А. 1-4 сынып оқушыларымен ұйымдастырса, «Тәуелсіздік – азаматтығым, бақ күнім!» тақырыбымен Құлмағанбетова П.О. 2 сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Ал 3 сынып оқушыларымен Жакупова Л.К. «Тәуелсіздік – тірегім» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Смагулова А.С. даярлық сынып оқушыларымен «Мен бақытты баламын!» атты ертеңгілік ұйымдастырды.
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбымен Алжанова Ш.Ш. 5-6 сынып оқушыларымен ауызша журнал үйымдастырса, 7-8 сынып оқушыларымен Смагулова Ж. А. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты шығармашылық сабағын өткізді.
«Ел қорғауға әзірміз» атты саптық ән байқауын Аубакиров А.Д. өткізді. Патриоттық әндермен қимыл істері үйлесіп, жақсы саптық байқау өткізілді.
«Жеңісім саған арналады» жоғары буын оқушылары ауыл жастарымен волейбол жарысын өткізіп мектеп оқушылары жеңіп алды.
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік концертті 9 сынып оқушыларымен Қуанышова Д.О. жоғары дәрежеде өткізілді.
«Мен елімнің ертеңімін!» «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынды тәлімгер өткізіп, балаларды ұйымға қабылдап алды. Төсбелгі тағу рәсімі ардагер ұстаздарға берілді.
«Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл байқауға барлық сыныптар қатысты.
«Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге » атты тарих апталығы өтті, онда да көптеген жұмыстар өткізілді.
Кітапханада «Болашақты нұрландырған – Тәуелсіздік» атты тақырыппен кітапханашы Қуанышова Д.О. мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырылды, сайысты 2 сынып оқушысы Дүйсенбай Нұрсауле жеңіп алды.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.